Талдықорған: +17°C
$ 453.93
€ 508.72
₽ 5.35
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Шығыс қақпадағы маңызды көпір

Бүгін, 07:36
КҮНДЕРЕК
Шығыс қақпадағы маңызды көпір
WhatsAppTelegramFacebook

Біздің облыс ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен қатар оны сыртқы нарықтарға шығаруда да еліміздің стратегиялық аймақтарының біріне айналып келеді.

Қытай бағыты бойынша жүк тасымалының артуы облыстың транзиттік әлеуетін жаңа деңгейге көтеріп отыр. Аймақ арқылы астық, өсімдік майы, құрама жем, басқа да ауыл шаруашылығы өнімдері тұрақты түрде Қытай нарығына жөнелтіледі. Жетісудің бұл бағыттағы маңызын өңір аумағында орналасқан ірі теміржол тораптары айқындай түседі. Алакөл ауданындағы Достық және Панфилов ауданындағы Алтынкөл стансылары Қытаймен сауда-экономикалық байланысты қамтамасыз ететін негізгі қақпалардың қатарында. Бүгінде аталған стратегиялық теміржол тораптары 100 пайыздық жүктемемен жұмыс істеп, жүк ағынының үздіксіз қозғалысын қамтамасыз етуде.

Бұл көрсеткіштер өңірдің халықаралық көлік дәліздеріндегі рөлінің артып келе жатқанын аңғартады. Тек 2026 жылдың тамыз айында Жетісу арқылы Қытайға экспортталған астық көлемі екі есеге өскен. Бұл – отандық агроөндірушілер үшін көрші елдің ірі нарығына шығу мүмкіндіктерінің кеңейіп келе жатқанының нақты көрінісі. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қытай арасындағы бағытта жүк тасымалының жалпы көлемі 35,4 миллион тоннаға жетті. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 10,5 пайызға жоғары. Тасымал көлемінің артуына ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты да елеулі үлес қосып отыр.

Әсіресе қосылған құны жоғары өнімдерге, соның ішінде құрама жем мен түйіршіктелген өнімдерге сұраныс артып келеді. Теміржол арқылы жүк жөнелтуді тиімді ұйымдастыру бағытында да бірқатар өзгеріс жүзеге асырылды. Атап айтқанда, теміржол жоспарларын келісу жүйесін реформалау жүк жөнелту жұмыстарының тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді. Соның нәтижесінде Достық стансысы арқылы Қытайға өсімдік майын жөнелту жоспарларының орындалуы 90 пайыздан асты.

Өсімдік майы экспортының өсуі Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені үшін де маңызды көрсеткіш болып отыр. 2025 жылы Қазақстан Қытайға күнбағыс майын экспорттайтын елдер арасында екінші орынға көтерілді. Ал Қазақстаннан Қытайға май және май өнімдерін экспорттау көлемі бір жыл ішінде 44 пайызға артып, 440 мың тоннаға жетті. Бұл – отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің халықаралық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігінің артып келе жатқанын көрсететін маңызды қадам. Өнім өндірумен қатар оны сақтап, өңдеп, уақытылы сыртқы нарыққа жеткізу де үлкен маңызға ие. Осы тұрғыдан алғанда Жетісу облысының географиялық орналасуы аймаққа айрықша мүмкіндік береді.

Қытаймен шекаралас орналасқан облыс үшін Достық пен Алтынкөл бағыттарының маңызы зор. Бұл бекеттер арқылы тек транзиттік жүктер ғана емес, Қазақстанда өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдері де сыртқы нарыққа шығарылады. Демек, теміржол инфрақұрылымының тұрақты жұмысы фермерлер мен өңдеуші кәсіпорындардың экспорттық мүмкіндіктеріне тікелей әсер етеді. Тасымалдың үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін алдын ала бірнеше астық тасымалдайтын және жабық вагондар дайындалды. Бұл шаралар астық, басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін жөнелту кезінде вагон тапшылығына жол бермеуге бағытталған.

Жалпы, Жетісудің агроэкспорттық әлеуеті тек өндіріс көлемімен емес, оның тиімді логистикалық мүмкіндіктерімен де ерекшеленеді. Аймақта өндірілген өнімнің қысқа мерзімде Қытай нарығына жеткізілуі жергілікті шаруалар мен кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Ал экспорт көлемінің ұлғаюы өндірісті кеңейтуге, жаңа жұмыс орындарын ашуға және ауылдық жерлердегі кәсіпкерліктің дамуына серпін береді.

Бүгінде Жетісу облысы Қазақстанның аграрлық әлеуетін Қытай нарығымен байланыстыратын маңызды аймаққа айналып келеді. Астық пен май өнімдері экспортының өсуі, теміржол тораптарының жоғары жүктемемен жұмыс істеуі және логистикалық инфрақұрылымның дамуы облыстың халықаралық саудадағы рөлін одан әрі күшейте түспек.

Айгүл БАЙБОСЫН

Қатысты жаңалықтар

Балуандар бәсекесі

Балуандар бәсекесі

Бүгін, 11:46
Қазақстанда 11 қазанда ауа райы қандай болады?

Қазақстанда 11 қазанда ауа райы қандай болады?

Бүгін, 11:04
Жаңа үйлердің сапасы бақылауда

Жаңа үйлердің сапасы бақылауда

Бүгін, 08:20
Шығыс қақпадағы маңызды көпір

Шығыс қақпадағы маңызды көпір

Бүгін, 07:36
Әдетім – әлегім

Әдетім – әлегім

10 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.