«Қазгидромет» 11 қазан, жексенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады. Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кей өңірлерде түнде және таңертең тұман түсіп, солтүстікте жел күшеюі мүмкін. Ал оңтүстік аймақтарда күндіз ауа температурасы 27 градусқа дейін көтеріледі, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Талдықорғанда күн ала бұлтты болып, жауын-шашын жаумайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр болады. Ауа температурасы түнде 0-2 градус жылы, күндіз 20-22 градус жылы болады.
Қазақстанның ірі қалаларындағы ауа райы:
Астана: жауын-шашынсыз. Түнде 0-2, күндіз 13-15 градус жылы.
Алматы: жауын-шашынсыз. Түнде 8-10, күндіз 20-22 градус жылы.
Шымкент: жауын-шашынсыз. Түнде 10-12, күндіз 24-26 градус жылы.
Түркістан: жауын-шашынсыз. Түнде 9-11, күндіз 25-27 градус жылы.
Қонаев: жауын-шашынсыз. Түнде 8-10, күндіз 21-23 градус жылы.
Қызылорда: жауын-шашынсыз. Түнде 9-11, күндіз 24-26 градус жылы.
Тараз: жауын-шашынсыз. Түнде 6-8, күндіз 22-24 градус жылы.
Ақтау: жауын-шашынсыз. Түнде 13-15, күндіз 22-24 градус жылы.
Ақтөбе: жауын-шашынсыз. Түнде 4-6, күндіз 20-22 градус жылы.
Атырау: жауын-шашынсыз. Түнде 8-10, күндіз 25-27 градус жылы.
Орал: түнде және таңертең тұман түседі. Түнде 7-9, күндіз 20-22 градус жылы.
Қарағанды: түнде және таңертең тұман түседі. Түнде 0-2, күндіз 11-13 градус жылы.
Жезқазған: жауын-шашынсыз. Түнде 4-6, күндіз 16-18 градус жылы.
Көкшетау: жауын-шашынсыз. Түнде 2-4, күндіз 13-15 градус жылы. Күндіз жел екпіні секундына 15-20 метрге жетуі мүмкін.
Қостанай: жауын-шашынсыз. Түнде 2–4, күндіз 16–18 градус жылы.
Петропавл: түнде және таңертең тұман түседі. Түнде 2-4, күндіз 13-15 градус жылы. Күндіз жел екпіні секундына 15-20 метрге жетуі мүмкін.
Павлодар: түнде және таңертең тұман түседі. Түнде 1-3 градус аяз, күндіз 13-15 градус жылы.
Семей: түнде және таңертең тұман түседі. Түнде 1-3 градус аяз, күндіз 12-14 градус жылы.
Өскемен: түнде және таңертең тұман түседі. Түнде 1-3 градус аяз, күндіз 11-13 градус жылы.





