Германияның Майндағы Франкфурт қаласында «Frankfurter Buchmesse – 2026» 78-ші халықаралық кітап жәрмеңкесі өтуде. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жәрмеңкеде үшінші жыл қатарынан Қазақстанның ұлттық стенді ұйымдастырылды.
Биыл Қазақстан делегациясының құрамында 30-дан астам өкіл бар. Ұлттық стендте «Атамұра», «Мектеп», «Алматыкітап», «Arman-PV», «Сардар», «Мазмұндама», «Отбасы хрестоматиясы», «Steppe & World Publishing», «AmalBooks», «Umai Books», «WiK», «Safitales» және басқа да баспалардың 300-ге жуық кітабы қойылды.
Канада, Қытай, Түркия, Әзербайжан, Дания, Германия, Ұлыбритания және басқа да елдердің баспа өкілдерімен кәсіби кездесулер өтіп жатыр. Халықаралық іс-шара қазақстандық делегация өкілдеріне шетелдік әріптестерімен тәжірибе алмасып, кітап шығару ісіндегі жаңа үрдістермен танысуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ алдағы уақытта бірлесіп атқаратын жобалар талқыланбақшы.





