14-16 қазан күндері жоспарланған халықаралық шарада журналистикадағы жасанды интеллектінің рөлі және медиа саласының жаңа даму бағыттары талқыланады. Бейбітшілік және келісім сарайында биыл оныншы рет ұйымдастырылып отыр.
Медиа апталыққа мемлекеттік орган өкілдері, Қазақстан мен шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының мамандары, халықаралық технологиялық компаниялардың өкілдері, журналистер, медиаменеджерлер және креативті индустрия сарапшылары қатысуда.
Шараның негізгі тақырыбы – «MEDIA. HUMAN. AI: 10 жылдағы өзгерістер. Сенімнің жаңа архитектурасы». Бағдарлама аясында медиа индустриясының трансформациясы, журналистика мен контент өндірудегі жасанды интеллектінің мүмкіндіктері, цифрлық платформалардың жауапкершілігі, халықаралық коммуникация және медиабизнестің жаңа үлгілері қарастырылады.

Ресми ашылу рәсімінде медиа саласының соңғы он жылдағы өзгерісіне арналған бейнеролик көрсетілді. Жоспарға сәйкес, «MEDIA. HUMAN. AI: 10 жылдағы өзгерістер. Сенімнің жаңа архитектурасы» атты пленарлық отырысв өтті. Жиынға Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі Арман Қырықбаев қатысты.
Медиа апталықтың алғашқы күні «AI, IT және медиа: жауапкершілік шекарасы» тақырыбында технологиялық пікірталас ұйымдастырылып, жасанды интеллектіні журналистикада қолданудың мүмкіндіктері мен жауапкершілік мәселелері талқыланады. Бұдан бөлек, халықаралық редакциялық зертхана аясында Орталық Азия жаңалықтарын ағылшын тілінде тарату және отандық контентті жаһандық аудиторияға таныту жолдары қарастырылу жоспарлануда.
Мақпал Әділханқызы





