Жуырда Талдықорған қаласының Жетісу шағынауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде жасөспірімдер ерлік көрсетті. Көппәтерлі үйден өрт шыққаны туралы тұрғындарға ескертіп, олардың дереу қауіпті аймақтан шығуына жәрдемдескен еді.
Осындай ерлік жасаған №5 орта мектептің 8-сынып оқушылары Нұрали Мұрат- ханұлы, Елжас Сламхан және Санжар Асхатұлын облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Қанат Алтынбеков қабылдап, шынайы разылығын білдірді. Оқушылардың жауапкершілігі мен батыл әрекеті үшін құтқарушылар атынан алғыс хат табыстап, естелік тарту етті.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.





