ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облыстық департаменті Алакөл аудандық шекара басқармасына қарасты «Айдала» шекара бөлімшесінде қысқы кезеңге дайындық жұмыстары жүргізілуде. Бөлімше старшинасы Бейсен Тұрсынқұлдың зайыбы Мадина Сағынайқызы да жеке құрамға қолдау білдіріп, қысқы азық-түлік қорын әзірлеуге атсалысты. Ол сарбаздар мен әскери қызметшілерге арнап көкөністер мен жеміс-жидектерден түрлі қысқы дайындамалар әзірледі.
Бейсен Тұрсынқұл әскери қызметін мерзімді қызметтен бастап, кейін осы салада еңбек жолын жалғастырған. Оның жары Мадина Сағынайқызының бұл бастамасы шекарашыларға деген жанашырлықты, отбасы қолдауы қандай болмағын көрсетті.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.





