Талдықорған: +6°C
$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.60
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Жауапкершілік – саналы қоғамның негізі

Бүгін, 15:00
ЖАҢАЛЫҚТАР
Жауапкершілік – саналы қоғамның негізі
WhatsAppTelegramFacebook

Қазіргі қоғам жаһандану мен технологиялық даму дәуірінде адам құндылықтарын сақтаудың, азаматтық жауапкершілікті арттырудың және саналы қоғам қалыптастырудың маңызын айқын сезінуде. «Қоғамның дамуына әр азамат қандай үлес қоса алады? Саналы қоғамды қалай қалыптастырамыз?» деген сұрақтар елдің өркендеуі экономикалық жетістіктермен ғана өлшенбейтінін көрсетіп отыр.

Осы бағытта азаматтық жауапкершілікті арттыру, адами құндылықтарды дәріптеу, өзара құрмет пен қоғамдық сананы дамыту жолында жүйелі жұмыс жүргізіп келе жатқан «Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдері Алакөл ауданына екі күндік іссапармен келді.

Екі жылдан бері «Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің жанашыры ретінде елдік мүдде жолындағы жұмыстарға белсене атсалысып келемін. Осы орайда Екпінді және Жыланды ауылдық округтерінде, Жыланды ауылындағы мектеп-лицей-интернатында, Үшарал қаласындағы Зейнеп Қойшыбаева атындағы аудандық Мәдениет үйінде және Лепсі ауылдық округінде өткен кездесулердің ұйымдастырылуына ұйытқы болдым.

Республика бойынша 16 филиалы жұмыс істейтін бірлестік бес жылдан бері азаматтық сана, рухани тұтастық, өзара құрмет пен жауапкершілік сияқты қоғамның берік негізін қалыптастыратын құндылықтарды насихаттап келеді.

Кездесулер барысында бірлестіктің негізін қалаушы, құрылтайшысы, идея авторы Нұркен Асанов азаматтық жауапкершілік пен саналы қоғам қалыптастырудың бір өңірге ғана тән міндет емес, бүкіл қоғамға ортақ маңызды мақсат екенін атап өтті. Павлодар және Қарағанды өңірлерінен ерінбей келген бірлестік жанашырлары да өз ойларын ортаға салып, адами құндылықтардың құр ұранмен емес, күнделікті өмірдегі нақты істер мен өнегелі әрекеттер арқылы қалыптасатынын жеткізді.

Кездесуге қатысқан тұрғындар мұндай басқосулардың маңызы ортақ мәселелерді талқылаумен шектелмей, әр азаматтың қоғам алдындағы жауапкершілігін терең түсінуіне ықпал ететінін атап өтті. Өйткені саналы қоғам қалыптастыру – әр адамның өз ісіне жауапкершілікпен қарап, айналасына құрмет көрсетуінен және ортақ игілікке үлес қосуынан басталады.

Дамыған мемлекет құру үшін ең алдымен саналы қоғам қалыптастыруымыз қажет. Ал саналы қоғам азаматтық жауапкершілігі жоғары, адами құндылықтарды бағалайтын, ел болашағына бейжай қарамайтын азаматтардың ортақ әрекеті арқылы қалыптасады. «Сенімен Болашақ» бірлестігінің миссиясы да осы ұстанымдармен сабақтасып, қоғамда жауапкершілік мәдениетін орнықтыруға және азаматтық сананы дамытуға бағытталған. Қоғамның сапасы – азаматтың санасында, мемлекеттің қуаты – халықтың бірлігі мен ортақ жауапкершілігінде.

Салтанат ДАУТБАЕВА,
Ш. Уәлиханов атындағы орта
мектептің тарих пәнінің мұғалімі,
«Сенімен Болашақ»
республикалық қоғамдық
бірлестігінің жанашыры
Алакөл ауданы

Қатысты жаңалықтар

Шетелдік сарапшылар Қазақстанның цифрлық серпілісіне баға берді

Жарқын болашақ

Бүгін, 17:30
Қыз тағдыры – ұлт айнасы

Отбасылық қолдау

Бүгін, 16:30
Жауапкершілік – саналы қоғамның негізі

Жауапкершілік – саналы қоғамның негізі

Бүгін, 15:00
Жетісу облысында өрт көрсеткіші өсті: Тұрғындарға қандай ескерту жасалуда?

Жалын жүрек, жас өрен

Бүгін, 14:30
Republic Day және Bereke Fest акциялары аясында қанша үнемдеуге болады?

Republic Day және Bereke Fest акциялары аясында қанша үнемдеуге болады?

Бүгін, 13:03

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайттың редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.