Талдықорған: +3°C
$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.60
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Жарқын болашақ

Бүгін, 17:30
ЖАҢАЛЫҚТАР
Шетелдік сарапшылар Қазақстанның цифрлық серпілісіне баға берді
WhatsAppTelegramFacebook

Әр елдің тарихында болашағына бағыт берген, ұлттық санасы мен мемлекеттік негізін айқындаған маңызды күндер бар. Қазақ елі үшін сондай айтулы даталардың бірі – 25 қазан Республика күні.

Өткенге тағзым етіп қана қоймай, алдағы мақсаттарды бағамдайтын мерекеде әрқайсымызды ел болашағы үшін не істей аламыз деген сауалға ой жүгіртуге жетелейді. Өйткені жарқын болашақ өздігінен қалыптаспайды. Ол бүгінгі шешімдерден, адал еңбектен және келер ұрпақ алдындағы жауапкершіліктен басталады.

Энергетика саласы да осы дамудың маңызды бөлігі. Себебі тұрақты электрмен жабдықтау – тұрғындардың күнделікті тұрмысы, кәсіпкерліктің жұмысы және өндірістің дамуы үшін қажетті шарттардың бірі. Энергетикалық инфрақұрылымды жетілдіру мен жаңғырту – бүгінгі қажеттілікті қамтамасыз етумен қатар, келешекке жасалған инвестиция.

Облыстағы «ТАЭТК» АҚ – Ұлттық жоба аясында өңірдің электр энергетикалық инфрақұрылымын жаңғырту үстінде. Бүгінде Ақсу, Ескелді, Кербұлақ, Көксу, Қаратал, Сарқан аудандарының аудан орталықтарында және Талдықорған қаласында сондай-ақ бірқатар елді мекенде тозығы жеткен электр желілерін жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Бұл бастамалар электрмен жабдықтау жүйесінің сенімділігін арттырып, желілердің техникалық жағдайын жақсартуға және тұрғындарды сапалы электр энергиясымен қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар энергетика саласында цифрландыру бағытындағы жұмыстарға да ерекше мән берілуде. Заманауи автоматтандырылған жүйелерді енгізу – электрмен жабдықтау үдерістерін тиімді басқаруға, желілердің жұмысын бақылауды жетілдіруге және туындауы мүмкін ақауларды жедел анықтауға мүмкіндік беретін маңызды қадам. Осы бағытта Талдықорған қаласында автоматтандырылған жүйеге көшу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Алдағы жылдары цифрландыру аясында қалған аудандарда да осындай жүйелерді енгізу көзделген. Бұл бастамалар электр энергетикасы саласының жұмысын жаңа деңгейге көтеріп, инфрақұрылымның сенімділігі мен тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Мұндай жаңғырту және цифрландыру жұмыстарының маңызы тек бүгінгі қажеттілікті өтеумен шектелмейді. Олар – өңірдің тұрақты дамуына жол ашып, халықтың тұрмыс сапасын арттыруға және болашақ ұрпақ үшін заманауи әрі сенімді инфрақұрылым қалыптастыруға бағытталған нақты қадамдардың бірі.

Дегенмен елдің қуаты тек экономикасымен немесе өндірістік көрсеткіштерімен өлшенбейді. Оның шынайы күші – қоғамның бірлігінде, адамдардың өзара сенімінде, туған жерге деген ізгі құрметінде. Әр азамат өз ісіне жауапкершілікпен қарап, ортақ іске үлес қосқанда ғана жарқын болашақ дамуының іргесі нығая түседі.
Тәуелсіздігіміздің тұғыры берік, бірлігіміз бекем, болашағымыз нұрлы болсын! Республика күні құтты болсын!

Е. ЖЕТПИСБАЕВА,
«ТАЭТК» АҚ баспасөз
хатшысы

Қатысты жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: Экологиялық мәдениет – ұлттық сананың жаңа деңгейі

Ең қымбат ұғым

Бүгін, 18:37
Шетелдік сарапшылар Қазақстанның цифрлық серпілісіне баға берді

Жарқын болашақ

Бүгін, 17:30
Қыз тағдыры – ұлт айнасы

Отбасылық қолдау

Бүгін, 16:30
Жауапкершілік – саналы қоғамның негізі

Жауапкершілік – саналы қоғамның негізі

Бүгін, 15:00
Жетісу облысында өрт көрсеткіші өсті: Тұрғындарға қандай ескерту жасалуда?

Жалын жүрек, жас өрен

Бүгін, 14:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайттың редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.