Талдықорған: +8°C
$ 457.09
€ 508.42
₽ 5.67
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қазақстандық студенттер университетті үш жылда аяқтай алады

Бүгін, 10:01
КҮНДЕРЕК
Қазақстандық студенттер университетті үш жылда аяқтай алады

depositphoto

WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстанда студенттер бакалавриат бағдарламасын төрт жыл орнына үш жыл ішінде аяқтап шығу мүмкіндігіне ие болды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Бұл бастама еңбек нарығына қажетті білікті мамандарды даярлауды жеделдетіп, жастардың уақытын тиімді пайдалануға жағдай жасайды. Жоғары білім жүйесіндегі мұндай жаңашылдық білім сапасын төмендетпей, оқу процесін заманауи ыңғайда ұйымдастыруды көздейді.

Ғылым және жоғары білім министрлігі өкілдерінің сөзінше, мұндай қадам механикалық түрде оқу мерзімін қысқарту емес. Негізгі мақсат – академиялық кезеңдерді дұрыс жоспарлап, студенттердің кәсіби ортаға ерте араласуына жол ашу.

«Бұл – ең алдымен уақытты тиімді жұмсау процесі. Сондай-ақ академиялық кезеңдерді оңтайлы пайдалану үшін жоғары оқу орындары біртіндеп көшіп жатыр. Мұнда ескеретін жайт – демалыс мерзімі сәл азырақ болады, сабақ кестесі ертерек басталады. Әрбір жоғары оқу орны дербес шешіміне байланысты жаңа форматты таңдайды», – дейді Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Жанна Есінбаева.

Байқап отырғанымыздай, оқу мерзімі азайғанымен, студенттер меңгеруі тиіс білім көлемі бұрынғыша қалады. Төрт жылдық бағдарламадағыдай, жастар 240 академиялық кредитті толық игеруі қажет. Кейбір ерекше бағыттар бойынша бұл көрсеткіш 300 кредитке дейін жетеді. Яғни оқу жүктемесі тығыз әрі қарқынды түрде жүргізіледі.

Қазіргі таңда елімізде 16-17 мыңға жуық студент триместрлік жүйемен білім алуда. Оқу жылы дәстүрлі екі семестрге емес, үш кезеңге бөлінген. Бұл жүйе көбіне ақпараттық технологиялар, бағдарламалау, киберқауіпсіздік, жасанды интеллект, деректерді талдау, бизнес-аналитика мен маркетинг сияқты динамикалық дамып жатқан салаларға енгізілген.

Ал медицина, ветеринария, педагогика және архитектура сияқты ауқымды тәжірибені қажет ететін мамандық өкілдері 3 жылдық жүйеге өте алмайды. Себебі бұл бағыттарда теориямен қатар тереңдетілген клиникалық әрі практикалық дайындық аса маңызды.

Еске сала кетсек, еліміздегі білікті кадр тапшылығы мәселесін шешу үшін «үш жылдық бакалавр» жүйесін кеңірек қолдану туралы ұсыныстар бұған дейін де айтылған болатын. Бұл өзгеріс студенттерге еңбек нарығына ертерек шығып, өз саласы бойынша табыс табуға, ал жоғары оқу орындарына заман талабына сай икемді болуға мүмкіндік береді.

Қатысты жаңалықтар

Кітапхана – рухани орта

Білім кілті – кітапта

Бүгін, 17:30
СІМК отырысында халықаралық маңызы бар құжаттар бекітілді

СІМК отырысында халықаралық маңызы бар құжаттар бекітілді

Бүгін, 17:09
Талдықорғанда 150-ден астам жас есірткісіз болашақ үшін бас қосты

Талдықорғанда 150-ден астам жас есірткісіз болашақ үшін бас қосты

Бүгін, 16:41
Мемлекеттік қызметті шектеу

Мемлекеттік қызметті шектеу

Бүгін, 16:30
Геология, өнеркәсіп және құрылыс саласы жаңа белеске көтерілді

Геология, өнеркәсіп және құрылыс саласы жаңа белеске көтерілді

Бүгін, 15:45

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.