Талдықорған: +15°C
$ 451.87
€ 507.31
₽ 5.53
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Ұлттық статистика: Цифрлық дәуірдің жаңа мүмкіндіктері

Бүгін, 12:17
ЖАҢАЛЫҚТАР
Ұлттық статистика: Цифрлық дәуірдің жаңа мүмкіндіктері
WhatsAppTelegramFacebook

8 қарашада Қазақстанда Статистика саласы қызметкерлерінің күні атап өтіледі. Биыл ұлттық статистика жүйесінің қалыптасқанына 106 жыл толып отыр. Бір ғасырдан астам уақыт ішінде сала қағаз есептіліктер мен қолмен есеп жүргізуден цифрлық платформаларға, жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдауға дейінгі жолдан өтті. Бүгінде статистика елдегі экономикалық және әлеуметтік үдерістерді бағалаудың маңызды құралына айналды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Цифрландыру және жасанды интеллект жылында Ұлттық статистика бюросы деректерді жинау мен өңдеуді жеделдетуге, ресми ақпараттың қолжетімділігін арттыруға бағытталған технологияларды енгізуді жалғастырып келеді. Нәтижесінде бастапқы статистикалық деректердің 97 пайызы электрондық форматта қабылданады. Ал кәсіпорындар мен ұйымдарға түсетін есептілік жүктемесі 30 пайызға қысқарған.

Саладағы негізгі жаңашылдықтардың бірі – «Е-Статистика» интеграцияланған жүйесін жаңғырту. Ол статистикалық жұмыстың барлық кезеңін, яғни жоспарлау мен ақпарат жинаудан бастап, оны өңдеу және нәтижелерді қалыптастыруға дейінгі процестерді біріктіреді. Жұмыс кезеңдерінің автоматтандырылуы қолмен орындалатын операцияларды азайтып, қателер ықтималдығын төмендетуге және нәтижелерді алу мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар статистикалық есептілікті тапсыру тәртібі де жеңілдетілді. Жаңартылған Респондент кабинеті кәсіпорындар мен ұйымдарға қажетті нысандарды жылдам толтырып, электронды түрде жолдауға жағдай жасайды. Көптеген операцияны енді бірнеше әрекет арқылы орындауға болады.

Мемлекеттік органдар арасындағы деректер алмасуды жетілдіру мақсатында «Ұлттық анықтамалық ақпарат» цифрлық сервисі әзірленді. Ол мемлекеттік ақпараттық жүйелерде бірыңғай анықтамалықтар мен жіктеуіштерді қолдануды қамтамасыз етеді. Осылайша, мемлекеттік органдар өзара салыстыруға келетін мәліметтермен алмасып, бұрыннан бар ақпаратты қайта жинау қажеттілігін азайтады.

Қазір ресми статистиканы қалыптастыру кезінде 36 әкімшілік және 4 баламалы дереккөздің мәліметтері пайдаланылады. Бұл ақпаратты қолданыстағы жүйелерден алуға және респонденттерге қосымша есептілік жүктемесін түсірмеуге мүмкіндік береді.

Үлкен деректер – статистиканың жаңа мүмкіндігі

Цифрлық технологиялар статистикалық ақпарат жинау тәсілдерін де өзгертуде. Күнделікті сауда-саттық пен сапарлар барысында қалыптасатын деректер экономикалық және әлеуметтік үдерістерді зерттеудің қосымша көзіне айналды. Олар дәстүрлі статистикалық байқауларды толықтырып, елдегі өзгерістерді неғұрлым жан-жақты бағалауға жол ашады.

Соның бір мысалы – тұтыну бағалары индексін есептеу кезінде фискалдық чектерді пайдалану. Қазір фискалдық деректер қоры 290 тауар тобы бойынша 8,3 млрд жазбаны қамтиды. Жүйе 36,9 млн баға жазбасын өңдейді. Оның ішінде тұтыну бағалары индексін есептеу үшін 14,8 мың сауда нүктесінен алынған шамамен 2 млн баға пайдаланылады.

2026 жылғы қаңтардан бастап фискалдық чектердің деректері 120 тауардың бағасын есептеуге енгізілді. Бұл процесте жасанды интеллект тауарларды автоматты түрде жіктеп, үлкен көлемдегі ақпаратты өңдеуді жеделдетуге көмектеседі.

Туризм саласында да жаңа технологиялардың мүмкіндігі кеңінен қолданылып келеді. Атап айтқанда, мобильді позициялау технологиялары арқылы алынған иесіздендірілген деректер туристік ағындарды бағалауға мүмкіндік береді. Олардың көмегімен саяхатшылар жиі баратын бағыттарды, ел аумағында болу ұзақтығын және туристік белсенділіктің маусымдық өзгерістерін анықтауға болады. Бұл өңірлердегі туристік ахуалды дәлірек бағалауға жағдай жасайды.

Статистикалық деректер енді қолжетімді әрі түсінікті

Ақпаратты жинау мен өңдеуді жетілдірумен қатар, Ұлттық статистика бюросы оны пайдаланушыларға ұсыну жолдарын да жаңартып келеді. Осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі – «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінің жаңа нұсқасын іске қосу.

Жаңартылған платформа арқылы пайдаланушылар статистикалық көрсеткіштерді іздеп, өңірлер мен кезеңдер бойынша салыстыра алады. Сондай-ақ графиктер мен карталар құруға, талдамалық панельдер әзірлеуге және қажетті ақпаратты әртүрлі форматта жүктеп алуға мүмкіндік бар.

Жүйенің басты жаңашылдығы – жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін AI Taldau интеллектуалды көмекшісі. Пайдаланушы қажетті ақпаратты табу үшін сұрағын қарапайым тілде жаза алады. Көмекші деректерді іздеп, оларды кесте немесе график түрінде ұсынуға, көрсеткіштерді салыстыруға және талдамалық материалдар дайындауға жәрдемдеседі. Сонымен бірге ақпарат көздері мен есептеу әдіснамасымен танысуға мүмкіндік береді.

Ұлттық статистика бюросының басшысы Мақсат Тұрлыбаевтың айтуынша, цифрлық трансформация статистикалық өндірістің жұмыс тәсілін де өзгертуде.

«Цифрлық трансформация дәуірінде статистикалық өндірістің философиясы да өзгеруде. Жасанды интеллект технологияларын енгізу мен процестерді автоматтандыру, сондай-ақ деректердің жаңа көздерін пайдалану ведомствоға респонденттермен өзара іс-қимылды оңтайландыруға, олардың жүктемесін барынша азайтуға, сонымен қатар пайдаланушыларды ресми статистикалық ақпаратпен жедел әрі жоғары сенімділік деңгейінде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – дейді ол.

Жасанды интеллект Бюроның өзге де цифрлық сервистерінде қолданылады. Мәселен, AI Stat интерактивті көмекшісі ресми сайттан қажетті ақпаратты іздеуді жеңілдетеді. Ал статистикалық бизнес-тіркелім негізінде әзірленген талдамалық чат-бот Қазақстанда тіркелген заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен жеке кәсіпкерлер туралы мәліметтерді диалог форматында алуға мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, 2025 жылғы ауыл шаруашылығы санағы кезінде Sanaq Myrza чат-боты қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, ақпарат алмасу процесін жеңілдетуге көмектесті.

Жасанды интеллектіні қолдану аясы кеңейеді

Ұлттық статистика жүйесіндегі цифрлық өзгерістер деректер экономикасын қалыптастыру үдерісімен де тығыз байланысты. Бұл бағыттағы маңызды қадамдардың бірі – деректер айналымын, IT өнімдерін әзірлеуді және ақпарат алмасу платформаларының жұмысын заңнамалық тұрғыдан реттейтін Цифрлық кодекстің қабылдануы.

Сонымен қатар халықаралық тәжірибе алмасуға да басымдық беріліп отыр. Осы мақсатта Ұлттық статистика бюросы 2024 жылдан бері Қытай Ұлттық статистика бюросымен және Шанхай деректер биржасымен ынтымақтастық орнатқан.

Алдағы кезеңде жасанды интеллектіні статистикалық жұмыстың өзіне кеңінен енгізу көзделіп отыр. Негізгі бағыттардың қатарында қателер мен ауытқуларды автоматты түрде анықтау, деректерді тексеру және жіктеу, сондай-ақ талдамалық материалдар әзірлеу бар. Бұл мамандардың күнделікті қайталанатын жұмыстарға жұмсайтын уақытын қысқартып, негізгі назарды деректерді терең талдауға аударуға мүмкіндік береді.

Осылайша, статистика саласындағы цифрлық трансформация тек технологиялық жаңарумен шектелмейді. Оның түпкі мақсаты – бизнеске түсетін есептілік жүктемесін азайту, мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру және қоғамға сапалы, өзекті әрі қолжетімді ақпарат ұсыну. Бір ғасырдан астам тарихы бар ұлттық статистика бүгінде жаңа технологиялардың көмегімен дамудың келесі кезеңіне қадам басып отыр.

Қатысты жаңалықтар

Тоқаев: Әлеуметтік көмек шын мұқтаж азаматтарға ғана берілуі керек

Медицина қызметкерінің жалақысы өсуі мүмкін

Бүгін, 13:59
Alatau City Еуропадағы роуд-шоуын аяқтады: Келісімдердің инвестициялық әлеуеті $2 млрд-тан асты

Alatau City Еуропадағы роуд-шоуын аяқтады: Келісімдердің инвестициялық әлеуеті $2 млрд-тан асты

Бүгін, 13:36
Астанада жасанды интеллект қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық саммит өтуде

Астанада жасанды интеллект қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық саммит өтуде

Бүгін, 13:28
Әдіскерлерге арналған кітап бұрышы ашылды

Әдіскерлерге арналған кітап бұрышы ашылды

Бүгін, 12:25
Ұлттық статистика: Цифрлық дәуірдің жаңа мүмкіндіктері

Ұлттық статистика: Цифрлық дәуірдің жаңа мүмкіндіктері

Бүгін, 12:17

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.