Жетісу облысында ауыл шаруашылығы саласын жаңғыртуға бағытталған ауқымды бастама қолға алынды. Ақсу ауданында құны 1,2 млрд тенге болатын жаңа мал шаруашылығы кешені бой көтереді, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы apk-news.kz сайтына сілтеме жасап.
Аталған инвестициялық жобаны «NAT AGRO» серіктестігі жүзеге асыруда. Жаңа кәсіпорын өңірдегі ет бағытындағы мал шаруашылығын дамытуға және заманауи талаптарға сай толық өндірістік циклді қалыптастыруға зор үлес қосады. Кәсіпорын қазірдің өзінде жоғары өнімділігімен ерекшеленетін герефорд, казахская белоголовая, аулиеколь және абердин-ангус сияқты ірі қара мал тұқымдарын өсірумен айналысып келеді.
Жобаның қуаттылығы мен мүмкіндіктері өте жоғары деңгейде жоспарланған. Бүгінгі таңда отқырылатын алаңның жобалық сыйымдылығы 2 200 бас ірі қара малға шақталған болса, қазіргі уақытта шаруашылықта 1 200 бас мал ұсталуда. Сонымен қатар шаруашылықтың иелігінде отқыры алаңына арналған 9,6 гектар жер, 360 гектар суарылатын алқап және 4 мың гектар жайылымдық жер бар. Жаңа кешеннің арқасында жыл сайын 1 500 тоннаға дейін сапалы ет өндіру көзделген. Бұл өз кезегінде ішкі нарықты отандық ет өнімдерімен толық қамтамасыз етіп қана қоймай, экспорттық әлеуетті арттыруға жол ашады.
Инвестициялық жобаның келесі кезеңі мал отқырудан бастап сою, терең өңдеу, сақтау және дайын өнімді нарыққа шығаруға дейінгі тұйық өндірістік тізбекті құруды көздейді. Аталған кешеннің іске қосылуы өңірде 21 жаңа тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді. Алдағы уақытта саланың дамуына байланысты жұмыс орындарының саны тағы да артпақ. Мемлекет тарапынан жасалып жатқан мұндай жүйелі қолдаулар ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті өркендетіп, азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға және халықтың әл-ауқатын көтеруге айтарлықтай үлес қосады.





