Талдықорған: +10°C
$ 458.13
€ 502.29
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Ұлт болашағы – ананың қолында

Бүгін, 14:30
ЖАҢАЛЫҚТАР
Ұлт болашағы – ананың қолында
WhatsAppTelegramFacebook

Ел Президенті биылғы халыққа арнаған Жолдауында отбасы институтын нығайтуды, ұлттық құндылықтарды дәріптеуді басты міндет етіп қойды. «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» деген ұғым отбасынан басталатыны айтылды. Бұл – облыстағы 111 аналар кеңесінің, 471 белсенді ананың күн сайын атқарып жүрген жұмысы. 

Биыл облыста «Ұлттық және отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді насихаттау» жобасы жүзеге асырылды. Сондай-ақ «Әкелер институтын дамыту, ұлдарды болашақ әке ретінде тәрбиелеуге жәрдемдесу» жобасы қолға алынды. Бұл екі жобаның аясында мектептер мен колледждерге бардық. Аналар кеңесі, әкелер одағы, ата-аналар комитеті өкілдерімен бірге дәріс оқыдық, отбасылық және буынаралық іс-шара өткіздік. Жасөспірімге «атаңның баласы болма, адамның баласы бол» дегенді жаттап қана қоймай, өміріне енгізуді үйреттік.

Әкелер күніне орай республикалық әкелер форумы өткізілді. Еліміздің әр өңірінен 150-ге жуық әкелер одағының төрағасы мен өкілі келді. «Шағантау» марафонын ұйымдастырып, «әке – диванда жатқан адам емес, отбасының тірегі» деген тағылым жүргізілді.

«Аналар күні» және «Отбасы күні» аясында облыста 322 іс-шара өткіздік. Шара барысында 30 өнегелі және 20 жас отбасыға Алғыс хат, естелік сыйлық бердік.

Ең маңыздысы – жастар арасында ажырасудың алдын алу жұмысы. Бүгінде әр ауданның жастар ресурстық орталығында 11 психолог жұмыс істейді. Биыл олардан 135 жас отбасы көмек сұрап келді. Мәселе әртүрлі – ұрыс-керіс, ақша жетпеуі, бала тәрбиесіне таласу. Ажырасамыз деп келген отбасылармен аналар кеңесі, әкелер одағы, медиатор мамандар бірлесіп сөйлестік. Нәтижесінде талай шаңырақ шайқалмай сақталып, балалар «әкем» деп, «анам» деп толық отбасында өсетін болды.

Бүгін облыстың аудандары мен ауылдық округтерінде 111 аналар кеңесі жұмыс істейді. Жыл басынан бері «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт», «Ана әлдиі», «Даналық мектебі», «Ақ орамал» жобалары қолға алынды «Даналық мектебінде» қыздарға үлкенді сыйлауды, сырға салудың мәнін, келін болып түскенде отбасын, ошақ қастерлеуді үйретеміз. «Ана әлдиімен» бесік жырын ұмыттырмаймыз. «Ақ орамалмен» жас келіннің жолын оңдауға тырысамыз. Өйткені мәдениетті ана – мәдениетті ұлттың кепілі.

«Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық конкурсының облыстық кезеңіне 428 өтінім түсті. Өтінімнің көбейгені – адамдар өнегелі отбасы болуға ұмтылады деген сөз. Жолдауда «Ұлт болашағы – ананың қолында», – деді Президент. Біз осы сөздің салмағын сезінеміз. Ошақтың түтіні түзу ұшса, мемлекеттің шаңырағы биік болады. Сондықтан аналардың отбасын сақтауда рөлі зор.

«Әділетті Қазақстан – Адал азамат» деген ұран отбасыдан басталады. Ал адал азаматты тәрбиелейтін – ана мен әке. Біз сол тәрбиені беруге дайынбыз.

 

Несіпжамал БАЙМАДИЕВА
облыстық аналар кеңесінің төрағасы

Қатысты жаңалықтар

Ұлт болашағы – ананың қолында

Ұлт болашағы – ананың қолында

Бүгін, 14:30
Дамудың тұрақты кепілі

Дамудың тұрақты кепілі

Бүгін, 13:12
Заң мен тәртіп – қоғам тірегі

Заң мен тәртіп – қоғам тірегі

Бүгін, 12:10
Бұл күнге жету оңай болған жоқ

Бұл күнге жету оңай болған жоқ

Бүгін, 11:30
Аталы сөз иесі

Аталы сөз иесі

Бүгін, 11:01

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.