«Ақын – елдің ардағы» деп білетін қазақ халқы қай кезде де сөз өнерін ұстанған тұлғалардың қоғамдық өмірдегі белсенділігіне ерекше мән берген. Осы орайда Кербұлақ ауданының жас ақыны Бақыт Қалибек те азаматтық ұстанымын танытып, саяси науқаннан тыс қалмады, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Бүгін, 29 қараша күні өтіп жатқан мәслихат депутаттарының сайлауы аясында қаламгер аудандағы №186 сайлау учаскесіне арнайы келіп, өз таңдауын жасады. Осылайша, жас ақын азаматтық борышын орындап, ел өміріндегі маңызды саяси науқанға өз үлесін қосты.
Айта кетейік, әрбір азаматтың сайлау учаскесіне келіп дауыс беруі – оның ел болашағына деген жеке жауапкершілігі мен белсенділігінің айқын көрінісі. Бүгінде өңір тұрғындары мен зиялы қауым өкілдері науқанға белсене қатысып, өз таңдауларын жасауда.






