Сарқандықтар сайлау күні №351 сайлау учаскесінде «Бауырсақ fest» мерекелік шарасын өткізіп, дауыс беруге келген тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Шара барысында сайлаушылар ұлттық тағамдардан дәм татып, жылы лебіздерін білдірді. Дауыс беруге келген қала тұрғындары үшін бұл бастама сайлау күнін ерекше әсерге бөледі.
«Бүгін өзім тіркелген сайлау учаскесіне келіп, азаматтық борышымды орындадым. Сайлаумен қатар, осындай тамаша шараның куәсі болып, ұлттық тағамнан дәм таттым. Көңіл күйім көтеріліп қалды. Әрбір дауыс маңызды деп есептеймін», – деді қала тұрғыны Арман.
«Жетісу-Ақпарат»






