Бүгін, 29 қарашада өтіп жатқан мәслихат депутаттарының сайлауында Сарқан ауданының ардагерлері алғашқылардың бірі болып өз таңдауларын жасады.
Таңертеңнен сайлау учаскелеріне келген аға буын өкілдері дауыс беру рәсіміне қатысып, азаматтық белсенділіктің үлгісін көрсетті. Олар ел өміріндегі маңызды саяси науқанға бейжай қарамай, өздерінің конституциялық құқықтарын пайдаланып, таңдауларын жасады.
Ардагерлердің сайлау учаскелеріне алғашқылардың бірі болып келуі – өскелең ұрпаққа өнеге. Өйткені қоғам өміріндегі маңызды шешімдерге қатысу, ел болашағына қатысты азаматтық ұстаным білдіру – әрбір тұрғынның жауапкершілігі.
Айта кетейік, Жетісу облысында сайлау учаскелері белгіленген кестеге сәйкес жұмыс істеп, дауыс беру процесі жалғасуда. Әрбір азаматтың дауысы маңызды!
«Жетісу-Ақпарат»






