Талдықорған: +34°C
$ 489.33
€ 566.30
₽ 6.74
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – ӘДІЛДІК ПЕН АШЫҚТЫҚҚА ЖОЛ АШУ

16.11.2024
КҮЛТӨБЕ
ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – ӘДІЛДІК ПЕН АШЫҚТЫҚҚА ЖОЛ АШУ
WhatsAppTelegramFacebook

Жаңашылдық пен даму жолында әлем күн сайын емес, сәт сайын өзгеруде. Қоғамдық орта да статикалық қалыпта тұрып қалмай заман ағымына, адам қажеттілігіне қарай өсіп, жаңғырып отырады. Бұл ретте біз қазір тәуелсіз Қазақстанның түбегейлі өзгерістер кезеңінде өмір сүріп жатырмыз. Өткенімізді ой елегінен өткізіп, ақыл тезіне салып, парасатты түйін жасадық, кешегі күннің жақсысын жалғастырып, кемшілігін түзеуге бағдар түздік. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен мемлекеттік жүйеде, қоғамның барлық саласында түбегейлі реформалар жүріп жатыр. Бұл – ең алдымен халықтың өмір сүру сапасын көтеруге, әл-ауқатын арттыруға бағытталып отырған батыл қадамдар. Ал тұрмысы түзу, халқы бақуатты, экономикасы өркенді мемлекет әлем көшінен шет қалмай, алға басатыны анық.

Бүгінгі өзгерістердің басты ұстанымы – әділдік, ашықтық, адалдық, тең мүмкіндіктерге жол ашу. Бұл ұғымдарды кең аяда қарағанда, әділетсіздікпен күрес, жемқорлыққа жол бермеу, артықшылықтарды болдырмау деп ұғынуымыз керек.

Биылғы Жолдауында Президент: «Азаматтардың бойында жаңа әдеттер, дағдылар қалыптасып, жаңа құндылықтар орнығуда. Саяси және қоғамдық болмысымыз, менталитетіміз және мәдени кодымыз өзгере бастады. Бір сөзбен айтсақ, Әділетті Қазақстан құрылып жатыр. Мұның бәрі, ең алдымен, халықтың қалауымен жасалуда. Сондықтан біз алған бетімізден қайтпаймыз, бағытымыздан таймаймыз», – деді.

Иә, әділдік пен адалдық қоғамның қай саласына да қажет! Халыққа керексіз, пайдасыз сала жоқ, ел өмірі үшін бәрі де маңызды. Ал өмір тіршіліктен, тіршілік тұрмыстан, тұрмыс экономикадан құралатынын ескерсек, әсіресе экономикалық бағыттағы қылмыстардың мемлекет дамуына келтіретін шығыны орасан зор.

Сыбайлас жемқорлық – мемлекет мүддесіне, қоғам игілігіне, азаматтардың ырыздығына зиян келтіру, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын тежеу. Сондықтан онымен күрес жүргізу бірдің емес, баршаның ортақ ісі болуы тиіс.

Бұл орайда Жетісу облысында сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмауға, оның алдын алуға ерекше мән беріліп отыр. Өткен тоғыз айда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссияның отырыстарында құрылыс, экология, агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау, білім, спорт, тұрғын үйлер қорын жаңғырту сияқты бірқатар аса маңызды мәселелер қаралып, сарапқа салынды.

Жемқорлық тәуекелдері басым салаларда «бармақ басты, көз қысты» әрекеттерді болдырмау үшін түрлі жаңашылдықтар енгізілді. Мысалы, өңірде бюджет қаражатын жоспарлау мен бөлудегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға бағытталған Жол картасы бекітіліп, білім беру ұйымдары бірыңғай бұлтты бухгалтерлік есепке алу жүйесіне көшті. Конкурс негізінде аталған жүйенің платформасы анықталды, сөйтіп биылғы жылдың қаңтар айынан облыстағы барлық білім беру ұйымдарында «Фаворит» жүйесі жұмыс істей бастады. Бұл бухгалтерлердің түрлі қаржылық қитұрқылықтарға баруына жол бермейтін жүйе болмақ.

Оған қоса «Е-zhetysu» ақпараттық жүйесінің базасында білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау, балаларды кезекке қою, мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жолдама алу мен қабылдау қызметтері автоматтандырылды.

Бұған дейін ауыл шаруашылығы жерлерін бөлу процесі кезінде комиссия шешіміне келіспеушіліктің жекелеген фактілері орын алып, оның арты дау-дамайға, сотқа жүгінуге ұласқаны жасырын емес. Осындай заң бұзушылықтарды болдырмау үшін облыстық прокуратура мен облыстық жер қатынастары басқармасы бірлесіп, «Заң бойынша жер» пилоттық жобасын іске асыра бастады. Бұл жер бөлудің барлық процедурасы цифрландырылған жоба. Процеске адам араласа алмайды, жергілікті атқарушы органның қызметкерлері қатыспайды, электронды жүйе жеңімпазды өзі анықтап береді. Әділдік пен ашықтық үшін қолға алынған осы жобаны республикада бірінші болып пилоттық режимде біздің облыс бастап отыр, соның ішінде алдымен Сарқан ауданында жүзеге асырылады. Жоба тиімділігін көрсетсе, келесі жылдан бастап барлық ел аумағында іске қосылатын болады. Бұл ретте жергілікті азаматтарға, бизнесін жаңа бастаған кәсіпкерлерге артықшылық беріледі, жұмысшыларының, малының, техникасының саны – бәрі есепке алынады.

Оған қоса ірі жер көлемінің бір қолда шоғырлануына да жол бермеу жағы қарастырылған. Осындай жаңашылдықтарды енгізу арқылы біз әділдікті қамтамасыз ете аламыз.

Жалпы цифрландыру сыбайлас жемқорлық қатерін азайтуда, бюрократиядан арылуда, ашық жұмыс жүргізуде аса тиімді құрал болып отыр. Сондықтан біз өңірде цифрландыру ісін әрі қарай жалғастырамыз.

Жемқорлықтың алдын алу ең алдымен қоғамның құқықтық сауатын ашу мен құқықтық мәдениетін қалыптастырудан басталады. Сондықтан біз облыс мектептерінде қолға алған менторлық жобаны іске асыру барысында құқықтық сауаттылық тақырыбын негізгі тоғыз бағыттың бірі ретінде алып отырмыз.

Мемлекетшілдік, отаншылдық, әділеттілік, адалдық, еңбекқорлық – мұның бәрі бір-бірімен астасып, бір-бірін толықтырып жатқан қастерлі ұғымдар. Осы ұғымдарды өмірлік ұстанымы, басты құндылығы деп білген әрбір азаматтың жадында Жүсіп Баласағұн бабамыздың: «Өз пайдаңды ойлама, ел пайдасын ойла. Өз пайдаң соның ішінде» деген сөзі жаңғырып тұруы тиіс.

Қазақтың ата дәстүрінде «Ала жіпті аттама» дейтін тыйым бар. Бұл ар жолынан тайма, біреуге қылдай қиянат қылма, адамшылығыңды сақта дегені. Абайдың «Пайда ойлама, ар ойла» дейтіні де сол! Сондықтан тоғышарлық, ашқарақтық, пайдакүнемдік, әсіреқұмарлық сияқты жағымсыз әдеттер кім-кімді де жарға жығатынын есте ұстаған ләзім.

Әр адам – өз заманының перзенті. Сондықтан уақытпен бірге қоғам жаңарып, адам санасы өзгеріп отыруы керек. Қолға алынған түбегейлі өзгерістердің шын мәнінде іске асырылып, ақиқат өмірге тамыр тартуына қай-қайсымыз да белсене атсалыса аламыз. Ол үшін әркім өзі атқарып отырған ісіне адал, кәсіби білікті, ішкі мәдениеті жоғары, құқықтық санасы сергек, принципте табанды азамат болуы тиіс. Біз осы өзгерістер дәуірінің жақсылығы да, жауапкершілігі де бәрімізге ортақ екенін ұғынуымыз керек.

Бейбіт Исабаев,
Жетісу облысының әкімі
Фото: gov.kz

Қатысты жаңалықтар

Бангкоктың ғажайып келбеті

Бангкоктың ғажайып келбеті

14.06.2026
Жайлы тұрмыстың негізі

Жайлы тұрмыстың негізі

14.06.2026
Гидротехникалық  құрылыс

Гидротехникалық құрылыс

14.06.2026
Бордақылау алаңы салынуда

Бордақылау алаңы салынуда

14.06.2026
Дамудың жаңа кезеңі

Дамудың жаңа кезеңі

14.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.