ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев Жетісу облысының тұрғындарымен кездесті. Талдықорған қаласындағы Оқушылар сарайында өткен жиында жол құрылысы, теміржол, әуе қатынасына байланысты мәселелер көтеріліп, оны шешу жолдары қарастырылды.
Марат Кәрімжанұлы ведомствоның жауапты салаларына тоқталып, былтыр 24 наурызда өткен кездесуде көтерілген мәселердің мән-жайын сөз етті.
– Өткен кездесуде Сарыөзек пен Көкталдың арасындағы 45-68 шақырым жолға ақша бөлу және соны күрделі жөдеуден өткізу мәселесі көтірлен еді. Ол жақтағы мәселе толығымен, түбегейлі шешілді. Дәл сол жолың 68-110 шақырымын орташа жөндеуден өткіземіз деп айтқанбыз. Ол да толығымен орындалды, – деді министр.
Басқосуда халық талқысына түскен Кербұлақ ауданындағы «Alacem» цемент зауыты да айтылды. «Сарыөзек-Көктал» республикалық автожолының 0-45 шақырымын күрделі жөндеуден өткізу жоспарланып, қасындағы айналма жолды сол зауыт үшін қалдыру қарастырылған. Алайда, күрделі емес, орташа жөндеу жұмыстары жүруде. Ол келесі жылы аяқталды. Ал айналма жолды «Alacem» зауыты өз алдына салу керек болады.
– Мен түсінемін. Ел-жұртта «Жолды салған соң, жүк көліктері бұзады» деген сұрақ болады. Бірақ біз сол жолға екі жерінен автоматты түрде үлкен жүк тасымалдайтын көліктердің салмағын өлшейтін құрылғы қоямыз. Артық жүк тасып, камераға түсетін болса, бірден айыппұл келеді. Соның есебінен зауыттың көліктері ол жақтан өтпейді деген алдымызға қойған мақсат бар, – деп толықтырды Марат Қарабаев.
Жиында ҚР Көлік министрі «Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» автожолының құрылысы биыл аяқталатынын айтты. Сондай-ақ, «Алматы-Өскемен-Лепсі-Ақтоғай» автожолына тиісті қаржы бөлініп, жұмыстар жоспарға сай жүріп жатқанына назар аударды. Апаттық жағдайдағы көпірлерде шетінен жасалуда.
Кездесуде тұрғандар сұрақ қойып, соған сай жауап алды. Айталық, Көксу ауданы Айнабұлақ стансысы, Еңбекшіқазақ ауылындағы теміржол өткелін ашу, Лепсі, Үштөбедегі вокзалдарды жаңарту, Үшардағы әуежайды үлкейту, қар тазалуға арналған техниканы көбейту, «Бұрқан-бұлақ» сарқырамасына баратын жол салу сынды мәселелер кеңінен талқыланды.
Мәулен Әнербай
Суретті түсірген Жұмабай Мұсабеков





