Талдықорған: +21°C
$ 466.08
€ 538.56
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Адам өмірін құтқарып қалған Ұлттық ұланның қызметшісі марапатталды

15.11.2024
КҮНДЕРЕК
Адам өмірін құтқарып қалған Ұлттық ұланның қызметшісі марапатталды
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы 5514 әскери бөлімінің әскери қызметшісі ефрейтор Әлішер Асылбеков Ішкі істер министрінің атынан жоғары награда – «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды. Саптық алаңда марапатты әскери бөлім командирі полковник Әмір Мансұров батырға салтанантты жағдайда табыс етті.

Бұл медаль – Әлішердің жазда жасаған батыл әрекетінің бағасы. 9 маусым күні сағат 22.45 шамасында қалалық жағажайда серуендеп жүрген ефрейтор Асылбеков суға батып бара жатқан әйелді байқап қалды.  Ойланбастан дереу көмекке жүгірді. Оқиға куәгерлері жедел жәрдем шақырып жатқанда, әскери қызметші жеңіл желпі шешініп, суға секіреді де, азаматша батып бара жатқан жерге жылдам жүзіп жетеді. Әлі кетпей тұрғанда, әйелді бірден жағаға шығарып, тыныс алуын жеңілдететін, өмірін сақтап қалуға көмектесетін реанимациялық іс-шаралар жасайды. Ессіз жатқан әйелдің кішкентай ұлы да  сол жерде еді, ол анасын сондай халде көріп, қорыққаннан жылай бастайды. Әлішер баланы да полиция  мен жедел жәрдем келгенге дейін тыныштандырған.

– Бүгін біз Әлішер Асылбековке құрмет көрсетудеміз, ол нағыз батылдық пен жанқиярлық танытып, қызметтен тыс жазатайым оқиғаның алдын алды. Оның әрекеті  — баршамыз үшін үлгі және ҚР ІІМ Ұлттық ұланы әскери қызметшілерінің кез келген жағдайда адамдарды қорғауға дайын екендігін көрсетеді, – деді 5514 әскери бөлімінің командирі Әмір Мансұров.

Ефрейтор Асылбеков Ұлттық ұлан қатарында 2022 жылдың мамыр айынан бастап қызмет етеді және осы уақыт ішінде өзін жауапты әрі адал жауынгер ретінде көрсетті. Ол бұл оқиғадағы рөлін батырлық деп санамайды.

– Менің орнымда кім болса да, дәл солай істейтін еді деп ойлаймын. Көріп тұрып, әрекет етпеу – мүмкін емес. Түнгі уақыт, жарықтың әлсіздігі мен ағыстың қаттылығы жағдайды біраз қиындатты, бірақ азаматшаны дер кезінде жағаға шығарып үлгердім. Су адамның күшін тез алады, сондықтан тез әрекет ету керек болды. Қауіпсіз жерге шыққасын да оған алғашқы медициналық көмек көрсете алдым. Ойымда тек аман алып қалу мақсаты болды, — дейді Әлішер.

Оның әрекеті Ұлттық ұлан қызметінің ажырамас бөлігіне айналған адалдық пен қайсарлықтың жарқын үлгісі саналады. Батыл іс-әрекеті нағыз батырлардың қасымызда екенін, кез келген уақытта көмекке келуге дайын екенін білдіреді. 

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Оңтүстік»
өңірлік қолбасшылығының
баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

Ақындар алыбын ардақтады

Ақындар алыбын ардақтады

10.08.2026
Ұлт руханиятының темірқазығы

Ұлт руханиятының темірқазығы

10.08.2026
Батадан – береке, сөзден – өнеге

Батадан – береке, сөзден – өнеге

10.08.2026
«Ақыл, қайрат, жүрек» кітап бұрышы ашылды

«Ақыл, қайрат, жүрек» кітап бұрышы ашылды

10.08.2026
Болашақтың берік негізі

Саяси жаңғыру: Құрылтай сайлауы – жаңа басқару моделінің басты сынағы

10.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.