Қазақстанның Ішкі істер министрлігі Шерзат Болаттың өліміне қатысты тергеу Қылмыстық кодекстің қандай баптары бойынша жүргізіліп жатқанын айтты.
Қылмыстық істер мына баптар бойынша жүргізіліп жатыр:
- Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі «Адам өлтіру»;
- Қылмыстық кодекстің 293-бабының 3-бөлігі «Бұзақылық» («Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, атыс қаруын, газды қаруды, пышақтарды, кастеттердi және өзге де суық қаруды не денсаулыққа зиян келтiру үшiн арнайы лайықталған басқа да заттарды қолданып немесе қолдануға тырысып жасалған, сол сияқты қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер»);
- Қылмыстық кодекстің 293-бабы «Қылмысты жасырып қалу»
- Қылмыстық кодекстің 434-бабы «Қылмыс туралы хабарламау»
Алғашқы екі бап бойынша күдікті — сегіз адам, үшеуі қылмысты жасырып, қылмыс туралы хабарламады деген күдікке ілінді.
«Тергеу жалғасып жатыр, оның ішінде қылмыс орнында тергеу жүргізіліп жатыр. Жалпы, елдегі криминогендік жағдай қазір тұрақты», — делінген Ішкі істер министрінің жауабында.
Дереккөз: Massaget.kz
Фото: Коллаж: скриншот, depositphotos.com





