ҚР ҰҚК шегара қызметі Алакөл ауданы бойынша шегара басқармасының жас сарбаздарына арналған «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстаным!» атты мерекелік кеш өтті.
Республика күніне арналған шарада Алакөл аудандық шегара басқармасының бас тәлімгері, подполковник Берік Қалиахметов:
– Бұл мерекені тойлау бір жылдары тоқтап қалып еді, Мемлекет басшысының мәлімдемесіне сай аталған күн бұдан былай ұлттық деңгейдегі мерекеге ауыстырылды. – деп жиналған қауымды мерекемен құттықтады.
Әдеби-сазды кеште Отан, туған жер, батырлық туралы өлеңдер оқылып, мақал-мәтелдер мен нақыл сөздер айтылды. «Күз – 2024» сарбаздары қатарынан өнерлі шегара сақшылары қатардағы жауынгерлер күмбірлетіп күй тартып, әуезді ән шырқады.
«Жетісу-Ақпарат»





