Талдықорған: +23°C
$ 472.03
€ 540.29
₽ 6.11
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Көкөрімдер қылмысы көбейіп тұр

24.10.2024
ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ
Көкөрімдер қылмысы көбейіп тұр
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу өңірінде қылмыс төмендеген. Бірақ, ұрлық-қарлық азаймай тұр. Әсіресе, өңірде бір жасөспірім 6, өзге көкөрім 5 қылмысқа қатысқан. Жуырда облыс әкімдігінде өткен Жетісу облысындағы құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізген облыс әкімінің бірінші орынбасары Әлібек Жақанбаев өңірдегі кримоногендік ахуал төмендегенмен кей қылмыстың өршуіне жол берген облыс құқық қорғаушыларының сылбыр жұмысын сын садағына ілді.

Бөтеннің мүлкін ұрлаудың алдын алу, оның ішінде мал ұрлығына қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы облыстық полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының бастығы Дәурен Сәкенов баян етті. Бас криминалистің айтуынша, облыста тіркелген қылмыс атаулының 28,7 пайызы ұрлық-қарлыққа тиесілі. Былтырғы ахуалмен салыстырғанда бұл санаттағы құқықбұзушылық 16 пайызға төмендепті. Жыл басынан бері 4 қылмыстық топ құрықталған. 2 топ пәтер ұрлығын, 2 топ барымташылықты «кәсіп» еткен. Құқық қорғаушылардың құрығына ілінген осы топтардың 27 қылмысқа қатысы бары анықталған.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Әлібек Жақанбаев мал ұрлығының ашылуы мен ұрылармен күресте криминалдық полиция басқармасы қауқарсыз екенін алға тартты. Соңғы жылдарда Алакөл ауданының өзінде мыңдаған жылқысынан айырылған шаруа қожалықтардың барын айтқанда облыстық полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының бастығы кәдімгідей мүдірді. Төрт түлікті жалған құжатпен саудаға шығарғандардың тірлігін баян еткенде Дәурен Сәкенбаев тал қармағандай кейіп танытты. Кінәлілерді жергілікті әкімдіктен, облыстың ветеринарлары қатарынан іздеуді жөн деп тапқандай. Мұнысы да комиссия мүшелерінен қатаң сынға қалды. Облыс әкімінің бірінші орынбасарының сөзінше, бірнеше жыл бұрын қолға алынған жергілікті әкімшілік, құқық қорғау органдары, мал иесі және малшы арасында меморандумның қазір өткеннің көлеңкесінде қалуының нәтижесінде ұрылардың тасы өрге домалап тұр. Оның үстіне құқық қорғаушылардың жергілікті әкімдікпен байланыссыз жұмыс жүргізуі де мал ұрлығына жайлы жағдай туындатқан. Әлібек Жақанбаев облыстық полиция департаменті өкілдеріне, облыстық ветеринария басқармасының басшысы Нұрлан Жамаубаевқа бірлесе қарекет етуді, малды тасымалдауға, өткізуге берілген ветеринариялық анықтамаларды берудің заңдылығына тексеру жүргізуді жүктеді. 

Мұнан кейін облыстық полиция департаментінің жергілікті полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Серік Байғозинов кәмелетке толмағандар арасындағы, оның ішінде олардың жыныстық тиіспеушілігіне қатысты қылмыстардың алдын алу жөніндегі жұмыстың нәтижесі туралы баяндады. Серік Омарақынұлының айтуынша, өңірде кәмелетке толмағандар қылмысы 64,7 пайызға өскен. Атаулы қылмыстың өсуі бойынша Алакөл, Сарқан, Көксу аудандары мен Талдықорған қаласы көш бастап тұр. Жыл басынан бері кәмелетке толмағандарға жыныстық зорлық-зомбылық көрсету бойынша 24 қылмыс анықталыпты. Былтыр көкөрімдерге қорлық көрсету едәуір төмен болған еді. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Әлібек Жақанбаев құқық қорғаушылар тарапынан профилактикалық жұмыстың нашар жүргізілетінін ашына жеткізді. Айтуынша, мемлекеттің болашағы болар балалардың қылмысының өршуіне тікелей тәртіп сақшылары кінәлі. Кәмелетке толмағандардың қылмысын азайту үшін құр жазалау мәселені шешпейді. Артынша облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Ахметова өңірде 14 мыңнан аса оқушы өмірдің қиын жағдайындағы балалар санатында екенін жеткізді. Жалпы, облыста 314 жалпы білім беру ұйымдарында 129 833 оқушы бар. Г. Ахметованың айтуынша, 18 жасөспірім полиция бөлімдерінде профилактикалық есепте тұр. Оның 35-і мектеп оқушысы. Жыл басында облыстық «Психологиялық қолдау орталығы» ашылған. Бұл орталық арнайы сауалнама нәтижесінде 5040 тәуекел санатындағы балаларды анықтаған. Әлібек Жақанбаев жалпы білім беретін мектеп басшылықтары «нашар оқитын, тәртібі нашар» балалардан құтылу шарасын доғару керегін жеткізді. Айтуынша, тәртібі нашар бала – қылмыскер емес. Ал, осындай қарекет нәтижесінде мектеп директорлары колледжге аттандырған жасөспірімдер түрлі қиындықтарға тап болуда. Әсіресе, колледж студенттері ерте жүктілікке душар болуда. Бұл жағдаят, әрине, құзырлылар назарынан тыс қалып отыр екен. Облыс әкімінің бірінші орынбасары жауапты құрылымдарға тиісті тапсырма жүктеп, жарқын болашақ үшін саналы һәм дені сау ұрпақ тәрбиелеу керегін алға тартты.

– «Тәрбие – тал бесіктен» демекші, балалардың уақыттарының көбі мектеп қабырғасында өтетіндіктен білім беру мекемелерінде құқықтық тақырыпта тұрақты негізде лекциялар өткізілуі тиіс, мектеп басшысынан бастап әр сынып жетекшісі өзінің тікелей жауапкершілігін түсіне отырып, ата-аналармен тығыз байланыста болуы қажет. Тәртібі нашар балаларға қылмыскер ретінде қарамай, олармен психологтар жұмыс істеуі тиіс, – деді Ә. Жақанбаев.

Комиссияның кезекті отырысында қаралған мәселелер айтылған жерде қалмауы, келер отырыста қайта пысықталатыны сөз болды. Комиссия жетекшісінің сөзінше, мұндай қадам болмайынша жұмыс тек қағаз жүзінде қала бермек.

Дастанбек САДЫҚ
Фото: inbusiness.kz

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда домбыра дәріптелді

Жетісуда домбыра дәріптелді

05.07.2026
ЮНЕСКО басшылығы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

ЮНЕСКО басшылығы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

05.07.2026
Жетісудың жауһары жарқыраған

Жетісудың жауһары жарқыраған

05.07.2026
Заң өзгерді, көзқарас ше?

Заң өзгерді, көзқарас ше?

05.07.2026
«Астана Опера» театрында Ұлттық домбыра күніне арналған көрме ашылды

«Астана Опера» театрында Ұлттық домбыра күніне арналған көрме ашылды

05.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.