Талдықорған: +6°C
$ 493.85
€ 571.78
₽ 6.25
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Бюджет қаражатын ұрлауға жол жоқ!

21.10.2024
ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ
Бюджет қаражатын ұрлауға жол жоқ!
WhatsAppTelegramFacebook

Облыстық әкімдікте «Бюджеттің атқарылуы және оның барлық кезеңінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында семинар өтті.

Семинар ҚР Қаржы министрлігі қазынашылық комитетінің Жетісу облысы бойынша қазынашылық департаменті мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа карсы қызмет) және Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің аумақтық департаменттерімен бірлесіп ұйымдастырылды. Жиынға облыстық және аудан, қалалардың бюджеттік бағдарлама әкімшілері, коммуналдық мемлекеттік мекемелердің басшылары және бас есепшілер шақырылды. Сонымен бірге басқа да мекемелердің қызметкерлері селекторлық тәртіпте қатысты.

Алдымен облыс әкімінің орынбасары Әсет Қанағатов сөз сөйлеп, күн тәртібінде қаралатын негізгі мәселелермен таныстырды. Бұдан соң бюджет қаражатының мақсатсыз жұмсалуын болдырмау, осы бағытта заңсыздықтарға жол бермеу, жемқорлықтың алдын алу, қателіктерге бой алдырмау, қаржылық тәртіпті сақтау, әр маман өзіне жүктелген міндетті мінсіз атқару секілді істерге жауапкершілікпен қараудың аса маңызды екеніне тоқталып өтті. Сондай-ақ, ол көбіне білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, автокөлік жолдары сияқты салаларда қылмыстық құқықбұзушылыққа жол берілетінін және бұл заңды жете білмейтіндіктің салдарынан орын алатын келеңсіздіктер екенін айтып және мұның соңы үлкен өкінішке ұрындыратыны туралы бейнебаян арқылы түсіндіріліп, жиналғандардың назарына ұсынылды.

Жиында сыбайлас жемқорлыққа және бюджет қаражатын ұрлауға қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар, ішкі мемлекеттік аудит департаментінің биылғы тоғыз айда анықтаған бюджет саласындағы бұзушылықтар, білім саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, бюджеттің атқарылуының барлық кезеңінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен кемшіліктерін анықтау мәселелері бойынша сөз қозғалды. Сондай-ақ, жиналғандар осы тақырыптар аясында көкейтесті сұрақтарын қойып, мазмұнды жауап алды.  

Белгілі болғандай, биылғы тоғыз айда жергілікті бюджеттер бойынша кассалық шығыстар сомасы 447 миллиард теңгені құрап, 411879 қаржы құжаттар қабылданып, қайтарылған қаржы құжаттар саны қазынашылықтың біріктірілген ақпараттық жүйесіне  қабылдаған құжаттар санынан 10,0 пайызды құраған. Сондай-ақ, бюджет қаражатын игеру үрдісінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында ұйымдастыру іс-шараларының тетігін әзірлеу шеңберінде келесі жылы қазынашылық-клиент ақпараттық жүйесінде бюджетті атқару кезінде биометриялық идентификациялау технологиялары еңгізілетіні айтылды.

Облыс бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті тарапынан биылғы 9 айда 64 аудиторлық іс-шара жүргізілген.

Мемлекеттік аудитпен жалпы сомасы 6 919 945,0 мың теңге қамтылған. Қаржылық бұзушылықтар 893 930,0 мың теңге және 3 826 696,7 мың теңгеге рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталған. Аудиторлық іс-шара қорытындысы бойынша 50 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 2-уі қызметінен босатылған. Қаржылық бұзушылықтар негізінен ауылшаруашылығы, спорт, денсаулық сақтау, құрылыс сияқты басқа да салаларда анықталған.

Осыған байланысты облыс бойынша қазынашылық департаментінің басшысы Асыл Сансызбаев, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа карсы қызмет) Жетісу облысы бойынша департаменті превенция басқармасының аға офицері Бауыржан Бегімбек, облыс бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Қуаныш Сағынбаев, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Қасымовтың баяндамалары тыңдалды.

Әсет Серікұлы соңында алдағы уақытта жоғарыда аталған бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында мекеме басшылары мен есепшілеріне бюджеттен бөлінген қаражаттың тиімді пайдаланылуына, белгіленген мақсаттарға жұмсалуына және өздеріне жүктелген міндеттемелерін Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес таза орындаулары қажет екенін еске салып, ой қорытты.

Айгүл Байбосынова

 

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумға қазақстандықтардың 70%-дан астамы қатысуға ниетті

Жаңа Конституция жобасы бойынша AI-платформа таныстырылды

09.03.2026
Бейжіңнің бейбітшілік бастамасы: Таяу Шығыстағы соғысты дереу тоқтату

Бейжіңнің бейбітшілік бастамасы: Таяу Шығыстағы соғысты дереу тоқтату

09.03.2026
Қазақ боксшысы әлемдік рейтингте бірінші орынды сақтап қалды

Қазақ боксшысы әлемдік рейтингте бірінші орынды сақтап қалды

09.03.2026
Қазақстан эстрадасының жұлдыздары жаңа Конституцияны қолдау үшін бірікті – «Халықтың Ата Заңы» халық әнұраны

Қазақстан эстрадасының жұлдыздары жаңа Конституцияны қолдау үшін бірікті – «Халықтың Ата Заңы» халық әнұраны

09.03.2026
Қазақстан мен Кувейт Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады

Қазақстан мен Кувейт Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады

09.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.