Талдықорған: +10°C
$ 458.13
€ 502.29
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

Тоғыз айда 15 мыңнан астам интернет-алаяқтық фактісі тіркелген – ІІМ

21 қазан 2024
САЯСАТ
Тоғыз айда 15 мыңнан астам интернет-алаяқтық фактісі тіркелген – ІІМ
WhatsAppTelegramFacebook

Ішкі істер министрлігінде аумақтық полиция бөліністерінің, Ұлттық ұланның өңірлік қолбасшылықтарының, қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің және ведомстволық оқу орындарының басшыларының қатысуымен кеңейтілген алқа отырысы өтті.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Отырыс барысында ішкі істер органдарының ағымдағы жылдың тоғыз айындағы жедел-қызметтік қорытындылары шығарылып, алдағы кезеңге арналған басым міндеттер айқындалды. Бірқатар басшылар тыңдалды.

Ведомство басшысы кәмелетке толмағандар арасындағы қылмысқа қарсы күресті күшейтуге назар аударды. Ол аумақтық полиция бөліністеріне құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін мектеп әкімшілігімен бірлесіп, білім беру мекемелеріндегі қауіпсіздікті белсенді бақылауды және осы бағыттағы профилактиканы жандандырып, іс-шаралар кешенін жүргізуді тапсырды. Сонымен қатар балалардың түнде ересектерсіз үйден тыс жерде жүргені үшін ата-ана мен заңды өкілдердің жауапкершілігі туралы жеткізуді айтты.

Есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес жеке қаралды. Жыл басынан бері полиция 6288 есірткі құқық бұзушылығының, оның ішінде 2657 қылмыстың жолын кесті. Заңсыз айналымнан 19 тоннадан астам есірткі тәркіленді, оның ішінде 419 кг-нан астамы синтетика. 47 есірткі зертханасы жойылды. Бұдан басқа, есірткінің таралуы туралы ақпаратты қамтитын 3182 интернет-ресурс анықталды, олар бойынша мәлімет бұғаттау үшін уәкілетті органға жіберілді.

Жалпы осы бағытта полиция қызметкерлері 700 мыңнан астам адамды қамтыған 11 мыңға жуық алдын алу іс-шараларын өткізді.

Министрлік қызметінің негізгі бағыттарының бірі – киберқылмысқа қарсы іс-қимыл. Тоғыз айда 15 мыңнан астам интернет-алаяқтық фактісі тіркелген. Жалпы цифрлық қылмыстарға қарсы күресті күшейту мақсатында ведомствода бейінді департамент құрылып, оған IT-салада тиісті білімі бар мамандар кіретін болады. Бұл оларға заманауи қауіп-қатерге қарсы тұруға мүмкіндік береді.

Отырыс соңында еліміздің бас полицейі департаменттер мен қызметтердің бастықтарына профилактикалық жұмысты күшейту және оған жергілікті атқарушы органдар мен жалпы жұртшылықты жұмылдыруды, жеке адамға қарсы барлық қылмыстардың жолын кесуді, өңірлерде құқықтық тәртіпті сақтап, азаматтарды қылмыстық қол сұғушылықтардан қорғауды қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берді.

 

Қатысты жаңалықтар

Ұлт болашағы – ананың қолында

Ұлт болашағы – ананың қолында

28 қараша 2026
Дамудың тұрақты кепілі

Дамудың тұрақты кепілі

28 қараша 2026
Заң мен тәртіп – қоғам тірегі

Заң мен тәртіп – қоғам тірегі

28 қараша 2026
Бұл күнге жету оңай болған жоқ

Бұл күнге жету оңай болған жоқ

28 қараша 2026
Аталы сөз иесі

Аталы сөз иесі

28 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.