Талдықорған: +22°C
$ 461.26
€ 542.58
₽ 6.18
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

50 ТҰРҒЫН ҮЙ БЕРІЛЕДІ

20.10.2024
ӘЛЕУМЕТ
50 ТҰРҒЫН ҮЙ БЕРІЛЕДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Көксу ауданы бойынша биыл әлеуметтік осал топтағы азаматтарға берілетін 50 жеке тұрғын үйдің құрылысы аяқталуға жақын. Осыған орай аудан орталығындағы ауылдарға барып, құрылыс жұмыстарымен танысып қайттық.

Алдымен Жарлыөзек ауылындағы 10 тұрғын үйдің құрылысын көрдік. «ВостокСтройЭнерджи» ЖШС салып жатқан 4 тұрғын үйдің құрылыс жұмысы аяқталыпты. Құрылысы аяқталған жеке тұрғын үйлер сатып алу бойынша ашық конкурс жарияланып,  бір көзден сатып алу бойынша №79, 80, 81, 82 келісім-шарттары жасалды. Ал қалған 6 жеке тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарының 70 пайызы тамамдалған. Құрылыс жұмыстарына 20 адам, 7 техника жұмылдырылуда.

 – Мен Жарлыөзек ауылында туып, көшеде асық ойнап өстім. Ауылға үй салынады дегенде ерекше қуанып, туған жеріме бір көмегім тисінші деп әкімдікпен  «Тұрғын үй салу, сатып алу» меморандумын жасадым. Яғни, өз қаржыма салған үйдің сапасын әкімдік тексеріп, сатып алады. Бізден әкімдік көлемі 60 шаршы метр үйдің ақшасын төлеп сатып алады. Сондықтан тұрғындарға  көмек болсыншы деп үйді 71 шаршы метр қылып салып жатырмын. Баспананың қабырғасы газаблокпен, іші қызыл кірпішпен қаланған. Біз үй салып қана қоймай, үйдің сыртын абаттандырып, жолын асфальттап жатырмыз, – деді «ВостокСтройЭнерджи» ЖШС басшысы Болатбек Найманбеков.

3 бөлмелі үй 71 шаршы метрді құрайды. Аумағы 10 сотық. Заман талабына сай салынған баспанада ауызсу, жарық, торап толығымен тартылған. Сондай-ақ, инвесторлар  көмек ретінде өз қаржысына үйдің сыртын қоршап, отын және көмір қора салып беріпті. Алдағы уақытта ауыл бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған  70 отбасының 10-ы үйлі болмақ. Мамыр айының ортасында басталған құрылыс жұмыстары қараша айының 15-інде аяқталады.

Мұқыры ауылында 10 тұрғын үйдің құрылысын салу үшін «Көксу проект» ЖШС кәсіпкерлерімен меморандум жасалыпты. Қазіргі уақытта, жеке тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Үйлердің керегесі көтеріліп, төбелері толықтай жабылған. Тек ішкі әрлеу жұмыстары ғана қалыпты. Қазір мұнда 10 құрылысшы жұмыс істеп жатыр.

 – Құрылыс жұмыстарының 70 пайызын аяқтадық. Бір үйге 15 млн. теңгеден астам қаржы жұмсадық. Халықтың батасын алу үшін үйді сапалы әрі уақытылы аяқтаймыз. Маусым айында басталған құрылыс жұмыстары қараша айының 10-нына дейін бітеді, – дейді «Көксу проект» ЖШС басшысы Алиакбар Бекұлы. 

Балпық би ауылынан 23 тұрғын үйді «Smart Taldykorgan» ЖШС салуда. Оның ішінде 10 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары аяқталған. Құрылысы аяқталған 10 жеке тұрғын үйге мемлекеттік сатып алу бойынша ашық конкурс жарияланып, тұрғын үй сатып алу бойынша № 84, 85, 86, 87, 88, 89, 90, 91, 92, 93 келісім-шарттары жасалды. 13 жеке тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Балпық би ауылындағы қалған 7 тұрғын үйдің құрылысын «Atameken Grand Construction» ЖШС жүргізуде. Оның ішінде 3 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары аяқталды. Тамыз айында Балпық би ауылындағы 3 жеке тұрғын үйдің мемлекеттік сатып алу порталы бойынша «Kazahstan Grand Сonstaction» ЖШС-мен №72, №73, №74  келісімшарт жасалды. Қалған 4 жеке тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары жасалуда.

Айдар ҚАЛИЕВ

Көксу ауданы

 

Қатысты жаңалықтар

«Қызыл жұлдыз» қалай берілді?

«Қызыл жұлдыз» қалай берілді?

09.05.2026
Бәйгеден облыс әкімінің кубогы сарапқа салынды

Бәйгеден облыс әкімінің кубогы сарапқа салынды

09.05.2026
Майданнан қалған жәдігер

Майданнан қалған жәдігер

09.05.2026
Майлышаттан майданға дейін

Майлышаттан майданға дейін

09.05.2026
Жетісуда Жеңіс күні ұлықталды

Жетісуда Жеңіс күні ұлықталды

09.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.