ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департамент қызметкерлері мен әдеп жөніндегі кеңес мүшесі «Жетісу облысының Кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Ә. Қыдырмановтың қатысуымен семинар өтті.
Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру және қазынашылық департаментінде өткен жиында мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі нормаларын сақтау мәселесі кеңінен талқыланып, жұмыстың заңдылығы мен ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған ережелер мен нормалар туралы хабарлама айтылды.
Мемлекеттік қызметшілердің ең басты міндеті – халыққа адал қызмет ету. Ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметші болу – жауапты міндет. Өйткені, ол қай кезде де биліктің бейнесін, іскерлік қабілетін көрсетеді. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшінің еңбегі де оңтайлы болғаны жөн. Ол үшін мемлекеттік органдарда мінсіз қызмет ететін мемлекеттік қызметші жұмыс уақытынан тыс менеджмент саласын толық меңгеруі тиіс. Бұл уақыт талабы. Сондықтан да ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департаментімен мемлекеттік қызметшілердің жұмыс орнына келуі мен қайтуын бақылау «Е-қызмет» ақпараттық жүйесінде интеграциялау бойынша атқарылған жұмыстарға қатысты талдау жұмыстары жүйелі жүргізіліп келеді. Қазіргі таңда, мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақыты аяқталған соң жұмыста қалу фактісі тіркелмеу үшін мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, қажетті шаралар жүйелі атқарылуда. Атап айтсақ, мемлекеттік қызметшілерді үстеме жұмысқа «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 32-бабының 4-тармағымен көзделген тәртіппен ғана тартуды, үстеме жұмыс үшін заңнамамен көзделген демалыс күндері (сағаттары) берілуін, өтемақы төленуін қатаң сақтауды қамтамасыз етілуде. Мемлекеттік органдарда «икемді жұмыс кестесі» режимін кеңінен енгізуге ықпал жасалып, мемлекеттік қызметшілермен артық жұмыс жасауды азайту туралы нақты мақсатты индикаторды мемлекеттік органдардың тиісті басшыларының жеке жұмыс жоспарына қосылды.
Жоғарыда аталған тапсырмалар негізінде артық жұмыс жасау фактілері орын алса, оларды жою бойынша шаралар қабылданбаған мемлекеттік органдардың басшылары мен әдеп жөніндегі уәкілдерінің осы бағыттағы жұмыстары туралы мәселесі департаменттің әдеп жөніндегі кеңесінде қаралып, көптің талқысына түсетін болады. Сонымен қатар, ҚР Премьер-Министрі кеңсесі мемлекеттік қызметшілердің еңбегін оңтайландыру бағытында жұмыс уақытын есептейтін автоматтандырылған жүйені жаппай енгізу қажет екенін айтты. Бұл жүйе арқылы мемлекеттік қызметшілер жұмыс уақытысын жүйелі әрі нәтижелі пайдаланатын болады. Мемлекеттік қызметшілердің жұмыстан тыс уақытта жұмыс орнында негізсіз қалуларын анықтау үшін әдеп жөніндегі уәкілдердің, әдеп жөніндегі кеңес мүшелерінің, қоғам белсенділерінің қатысуларымен мемлекеттік мекемелерде рейдтік жұмыстар жүргізу жоспарлануда. Сонымен қатар, жиында қызметтік автокөліктерді жеке мақсатта пайдаланудың алдын алу мәселесі талқыланды. Семинарда қызметтік автокөлікті пайдалануды бақылау мен есептілікті күшейту бойынша ұсыныстар айтылып, осы нормаларды бұзудың салдары туралы түсіндірме жүргізілді. Жиында мемлекеттік қызметшілер арасындағы құмар ойындар мәселесіне де ерекше назар аударылды. Семинарға қатысушылар құмар ойынға қатысудан бас тарту тек жеке таңдау ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік қызметке деген сенімділікті сақтау талабы екендігімен бірауыздан келісті. Басқосуға қатысушылар ұйымдастырушыларға өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік бергені үшін алғыстарын білдіріп, мемлекеттік қызметте кәсібиліктің жоғары деңгейін қолдау үшін осындай іс-шаралар тұрақты өткізілсе деген ұсыныстарын білдірді.
Қобылан МАНАП,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы
Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов





