Жетісу облысы инвесторларды жаңа жобаларға тартуда. Мемлекеттік органның мәліметінше, 2024-2025 жылдары аймақта мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында 23 шарт жасасу жоспарланған.
Мәселен, Ескелді ауруханасында компьютерлік томографы орнатылған ғимарат салынады деп күтілуде. Жоба құны 600 млн. теңге, қуаттылығы жылына 2 119 адамды қамтиды. Қалған 22 келісімге мемлекеттік қолдау шараларынсыз білім беру саласында қол қойылады. Атап айтқанда, жалпы білім беру мекемелеріндегі асханаларды жаңғырту және пайдалану жоспарланған.
Сонымен бірге қазір мемлекеттік жекеменшік әріптестіктің жеті жобасы «Жетісу облысының білім беру мекемелерін тамақтандыруды ұйымдастыруды жаңғырту» бойынша байқау құжаттары әзірленуде. Іске асыру мерзімі – 2024-2025 жылдар.
Әкімдікте хабарлағандай, 2016 жылдан 2023 жылға дейін аймақта 32,6 млрд. теңгенің 30 мемлекеттік жекеменшік әріптестіктің келісімшарты жасалған. Олар білім беру саласында қол қойылған, оның ішінде мемлекеттік қолдау шараларынсыз бойынша жобалар да бар. Сондай-ақ, денсаулық сақтау саласында да келісімге қол жеткізілген.
Бұған қоса, сервистік-дайындау орталықтары мен тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бойынша мемлекеттік жекеменшік әріптестік келісімшартына қол қойылғандары да қосуға болады. Қазіргі таңда жобалар жүзеге асырылу үстінде.
Айгүл Байжұмақызы
Фото: netsc.ru





