Таңмен таласа №389 референдум учаскесіне Көгебай Базарбаев келіп, өз таңдауын жасады. Энергетика саласында саналы ғұмырын сарп еткен зейнеткер «елімізде жарық көп болсын, «- дейді.
— Электр энерниясы прогрестің өзі. Мен өз таңдауымды жасадым. Қазақстанның жарқын болашағы үшін әр адам өз таңдауын жасау керек, — дейді Көгебай Базарбаев.
Сайлау учаскесіне келіп жатқан жұрттың қарасы қалың. Бұл учаскеге 2464 қала тұрғыны дауыс береді. Учаскеге келіп ең бірінші Қызайгүл Ермекбаева есімді ақжаулықты әжей дауыс берді.» «Тағдыршешті сәтте халық қарап қалмаса екен»,- тілегін де жеткізді. Сайлау учаскесінің хатшысы Айжан Темірханқызы кейуанаға белсенділігі шапан жапты.
Дастанбек Садық





