Талдықорған: +21°C
$ 469.93
€ 541.64
₽ 5.71
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Бірлікті жерде береке бар

01.10.2024
КҮНДЕРЕК
Бірлікті жерде береке бар
WhatsAppTelegramFacebook

Кербұлақ ауданының Сарыбұлақ ауылында дүркіреп той өтті. Алыс-жақыннан жиналған қауым, осы ауылда еңбек еткен ардагерлер, ауылдан түлеп ұшып, бүгінде әр салада елеулі еңбек етіп жүрген түлектер, ауыл тұрғындары берекесі мен мерекесі жарасқан шараны бірге атқарды. Алдымен ауыл азаматтарының ауызбіршілігіне алғыс айтуға тиістіміз. 

Сарыбұлақ ауылдық округінің іргетасы 1944 жылы «Сарыбұлақ» қой кеңшарының негізінде құрылған. Алғашқы кездегі аумағы 130236 шаршы метрлік кеңшардың 10 ұлт өкілінен тұратын 3027 тұрғыны болған. Кеңшар құрамына Қарағаш, Қазынсу, Сарыбұлақ, Шилісу ауылдары кіріп, Қарағаш ауылы орталығы болған. Асыл тұқымды қой шаруашылығын дамытуға көп көңіл бөлініп, ет-сүт өнімін өндіру бағытында жұмыс істеді. 

Ауыл ақсақалдарының айтуынша, «Сарыбұлақ» қой кеңшарында 15 мың қой болса, кейін 100 мың тұяқтан асқан мыңғырған малы бар кеңшарға айналды. Мектеп-интернат, клуб, балабақша, монша, алма бағы ауылға сән берді. Мыңнан аса үй, бірнеше мыңдаған тұрғыны болды. Ауыл және мал шаруашылығы жұмыстарына пайдаланылатын  90-нан аса трактор, 100-ден аса машина, 56 комбайн, 22 «К-700»,  70 су таситын көлік, тағы басқа техникалар самсап тұратын. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы тоқырау кезеңінде қолда бар мүмкіндік  көзден бұлбұл ұшты. Дегенмен, ауыл азаматтарының береке-бірлігі, тынымсыз еңбегі, облыс, аудан басшылығының қолдап-қуаттауының нәтижесінде қазіргі ауылдың тынысы ашылып, тіршілігі түзеліп келеді. 

Алғаш кеңшар, кейін асыл тұқымды қой зауыты, тәуелсіздіктен кейін ауылдық округ болып құрылымдалған елді мекеннің тарихында елге сыйлы, жұртқа танымал, осы өңірдің өркендеуі үшін еңбек еткен азаматтар мен азаматшалар көп болды. Тоқырау жылдары ауылдан алыс қалаларға көшіп кеткендер болғанымен олар да бүгін өздері туып, өскен, еңбек еткен ауылының өркендеуі үшін қолдан келер жақсылықтарын жасап жүр. Ал бүгінде осы ауылдың еңсесін тіктеу үшін еңбектеніп жүргендер аз емес. Осы тарихи оқиғалар өлкетанушы-журналист Қажет Андастың «Құт мекенім – Сарыбұлақ» атты өлкетану бағытында жазылған тарихи-танымдық еңбегінде толық көрініс тапқан. Ауыл тойы жаңа кітаптың тұсаукесерімен басталды. Оған Кербұлақ ауданының әкімі Қанат Есболатов, Әбутәліп Бектеміров бастаған ауыл ақсақалдары мен ақжаулықты апалар, мемлекет және қоғам қайраткері Серік Мұқанов бастаған алыс-жақыннан келген елге еңбегі сіңген, сыйлы азаматтар қатысты. 

– Сарыбұлақ ауылы қасиетті бабаларымыздың ізі қалған қасиетті мекен. Табиғаты сырға толы, қойнауы құт мекен талантты тұлғаларды, белгілі азаматтарды өсірді, жетілдірді. «Елу жылда ел жаңа» дегендей, бүгінде бұл маңда ұлттық өркениеттің жарқын іздері сайрап жатыр. Құрылғанына 80 жыл болған ауылдың іргетасын қалаған, ел қорғаған, қиындыққа мойымай еңбек еткен аға буынның еңбегі бүгінгі жастарға үлгі-өнеге болуға тиісті. Қаймағы бұзылмаған елі бар, бірлігі жарасқан Сарыбұлақ ауылының гүлденер шағы әлі алда. Ауылымыздың бақ пен берекесі артып, жаңарып, жайнай берсін, – деді аудан әкімі.

Осыдан кейін сөз алған ауыл ақсақалы Әбутәліп Бектеміров, Серік Мейірханұлы, тағы да басқа қонақтар осы ауылда еңбек еткен жылдардағы естеліктерімен бөлісіп, бүгінгі буынның өткен мен бүгіннің арасын жалғаған ұлы дүбір той салтанатының жетістікпен аяқталуына тілектестігін білдірді. Той шымылдығы осылай түрілген соң ауыл мерекесінің шаттығын асыруға арнайы шақырылған әнші, күйші, ақын, өнерпаздар айтыс аламанын қыздырып, күмбірлете күй шертіп, әсем әндерін арнап, бұратыла би билеп, жиналған көпшіліктің көңілін көтеріп тастады. 

Той-думаны өткен Сарыбұлақ ауылдық округінің орталығы Қарағаш ауылының іргесіндегі алаңқайға қаз-қатар тігілген қазақ үйлер, әсем безендірілген шатырлар, мерекенің айшығын асырған сахна ауыл азаматтарының туған жерге туын тіккен ынтымағының ұйытқысындай көрінді. Айта кетерлігі, ауылдың 1944 жылдан бергі әр жылдардағы түлектері бір-бір киіз үй тігіп, барлық шығындарын ортақ көтеріп, қонақтарды жылы пейілмен қарсы алуға сақадай сай тұрды. Тойға жиналғандар түсте осы үйлерден дәм татып, қазақтың бай дастарқанының куәсі болды. 

Айналасы киіз үй, шатырлармен қоршалған алаңда спорттық жарыстар ұйымдастырылып, білегі мен бел күші мықты жігіттер қошқар көтеріп, қазақ күресінен бәсекеге түсті. Талғар ауданынан келген Бауыржан Әбдішайықов қошқар көтеруден жеңімпаз атанды. Ал Қазақша күресте 1-орынды Жоламан ауылынан Бекарыс Садуақас, 2-орынды Сарыбұлақ ауылының спорттық жаттықтырушы Олжас Қой-шыман, 3-орынды Сарыөзек ауылынан Санжар Қызайбек иеленіп, жұрт алдында мерейленді. 

Спорттық жарыс өтіп жатқан алаңнан қашықтағы жазықта көкпар тарту қызып жатты. Беташар салымды Қоғалы ауылының азаматы Айдос Қайран, «Өгіз өрімді» Шоқан ауылының азаматы Нұржан Сыпатай салып, тартысты бәсекенің көрігін қыздырды. Той аясында тай, құнан, аламан бәйге жұрттың делебесін қоздырды. Тай бәйгеде Қайсар Шымырбаевтың «Айсұлтан» атты тайы бірінші келіп мотоцикл, құнан бәйгеде «Мұзбалақ» атты сәйгүлік басқалардан оқ бойы озып келіп мотоцикл, аламан бәйгеде Марлан Бектенов баптаған, шабандозы Хамза Марланұлы, Марат Ақберлиновтың «Ақтанау» атты сәйгүлігі мәре сызығын бірінші болып кесіп автокөлік ұтып алды.

«Той – елдің қазынасы» деген бар. Бұл тойдың жөні бөлек. Ауылдың өткен тарихы түгенделіп, бүгінгі ұрпақтың берекесі мен бірлігін нығайтып, алдағы жарқын істерге жол салғанымен жұрт есінде қалды. 

Қ. ОМАРАҚЫН
Сарыбұлақ ауылы,
Кербұлақ ауданы

 

Қатысты жаңалықтар

Қара өлеңнің Қастегі

Қара өлеңнің Қастегі

09.08.2026
Сашка бәрін біледі

Сашка бәрін біледі

09.08.2026
Тағдыр табыстырған

Тағдыр табыстырған

09.08.2026
Ұлттық құрамда жаңа бапкер

Ұлттық құрамда жаңа бапкер

08.08.2026
Балуаннан балуан озар белдескенде

Балуаннан балуан озар белдескенде

08.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.