Талдықорған: +15°C
$ 443.96
€ 487.73
₽ 5.38
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АРДЫҢ ІСІ

Ат қайда, пәтер қайда…

30 қыркүйек 2024
АРДЫҢ ІСІ
Ат қайда, пәтер қайда...
WhatsAppTelegramFacebook

Қашаннан гу де гу, әлде нендей тақырыпқа да сарқыла қайнап бу да бу болып жататын әлеуметтік желі сәтке болса да мына бір қуанышқа да бір бүйірін қыздырса дейсің ғой. Әдеттегідей «әдепсіз» армандап. Тұп-тура 190 елдің ішінен робототехника байқауынан оқ бойы озып шыққан қазақстандық оқушылардың жеңісін айтамыз. «Ғажап» дейсіз бе, әлде аспаннан бөрік іздейсіз бе – ол да еркіңіздегі шаруа дейік. Тек біздің бір тәпсіріміз мынау: Осы ғылым бәйгесінде топ жарған жүйріктерімізге деген «ашқұрсақ» құрметіміздің өзі біздің елдің шынайы бағасын беріп келе жатқан жоқ па?!

Анаған да қос-қостан темір тұлпар, мынаған да облыс түгендеп, аудақ-қала адақтап пәтер сыйлап жүретін билікте биік-биік атқа мінгендер мен бизнесте «бөтен» соқпағы бар «атқыштар» қайда екен деп ойланасың осындайда. Білегі мен балтыры үлкен ия көмейінде «көрігі» бар біреу озса жүрегі «атқақтай» қуанып, алақанынан асқанын аямасқа жететін «көкелер» қайда дейсің кейіп. 

Құдай-ау, мына жетістік түсінген адамға бір адамның, бір ауылдың, бір рудың емес тұтас мемлекеттік сапасы мен беделіне тірелетін, арысы елдің ертеңгі игілігіне ұласатын дүние емес пе?! Ақылдың биігі ғой ұққанға. «Анау ел технократтанған», «мынау ел роботтың отаны» деп сырттай тамсанып жүргенде өз отандастарың  –  жап-жас оқушылар екі жүзге жуық елді аузына қаратып, ісімен сүйіндіріп қайтқан жоқ па?

 

Оқи отырыңыз: Қазақстандық оқушылар робототехникадан үш дүркін әлем чемпионы болды

 

Біз білекті-жүректі, тілді-жақты, намысты-дабысты азаматтарды қадірлемейік демейміз, еленсін, бөленсін атаққа. Тек елдің ертеңі, тәуелсіз отаныңның тағдыры  –  мәңгілік ҒЫЛЫМ деген құдіретті бес әріпке байланып тұрғанын ұмытпасаңыздар екен, атымтайлар. Сіздер де ұмытпаңыздар, ардан аласа атқа мінерлер…

Қозыбай ҚҰРМАН

Фото: massaget.kz-тен көрнекілікке алынды

Қатысты жаңалықтар

Дрондар додасы:  мемлекеттік органдар арасында ауқымды жарыс өтті

Дрондар додасы: мемлекеттік органдар арасында ауқымды жарыс өтті

Бүгін, 20:31
Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына дайындық қарқынды жүргізілуде

Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына дайындық қарқынды жүргізілуде

Бүгін, 19:27
Ғылым министрлігі ҚазҰУ-да кешенді мониторинг жүргізеді

Ғылым министрлігі ҚазҰУ-да кешенді мониторинг жүргізеді

Бүгін, 19:21
Еңбек ұжымдарына Жолдау міндеттері түсіндірілді

Еңбек ұжымдарына Жолдау міндеттері түсіндірілді

Бүгін, 19:13
«Әділет» партиясы: Жетісуда мәдениет саласының инфрақұрылымы жаңарады

«Әділет» партиясы: Жетісуда мәдениет саласының инфрақұрылымы жаңарады

Бүгін, 18:39

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.