Талдықорғанда «Қала күніне» орай 80 жылдардағы ретро әндердің диско кеші өтті.
Бүгін облыс орталығы Талдықорғанда 80-жылдардағы ретро әндердің әуезді кеші өтті. Бұл шара «Қала күніне» және әсем қаламыз Талдықорған қаласының қала мәртебесін алғанына 80 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр.
Кеш барысында қала әкімі Ернат Бәзіл барша Талдықорғандықтарды төл мерекеміз «Қала күнімен» құттықтап, әр бастамаларына сәттілік тіледі.
Орталық алаңда жиналған қауым 80 жылдардағы ескі әндерді жергілікті өнерпаздармен қосыла шырқап, ерекше әсер алып қайтты.





