Талдықорған: +21°C
$ 469.93
€ 541.64
₽ 5.71
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

9 жасында 9 көлік пен 1 пәтер иеленген шабандоз Хамзамен эксклюзив сұхбат

19.09.2024
КҮНДЕРЕК
9 жасында 9 көлік пен 1 пәтер иеленген шабандоз Хамзамен эксклюзив сұхбат
WhatsAppTelegramFacebook

Бүгінде атсейіс пен сайыпкерлер арасында 9 жастағы Хамза мен Жұмыртұяқтың есімдері танымал. Бала кезден аламаннан топ жарып жүрген шабандоз биыл Көшпенділер ойындарында да жүлделі 2-орынға ие болды. Анасының айтуынша, ол 9 жасында 9 көлік, 1 пәтер, 70-80 миллион теңге иеленіп үлгерген. Massaget.kz тілшісі ат құлағында ойнайтын баламен және оның анасы Динара ханыммен сұхбаттасты. 

Небәрі 9 жасында Қазақстан түгілі әлемді шабысына қаратқан Хамза Марланұлы жарысқа қалай дайындалғанын, Жұмыртұяқ туралы көпшілік біле бермейтін мәліметтер айтты. 

«Көшпенділер ойыны жақсы, ойдағыдай өтті. Жұмыртаяқпен 5 ай дайындалдым. Бізді әкем дайындады. Жұмыртұяқ «Ақылбай» шаруашылығына тиесілі. Жылқы Марат ағаның (қожалық иесі — еск.) шаруашылығында тұрады, өзіміздің қолтумамыз, сол қожалықтан шыққан. Әкем, Марлан Бектенов — бапкер, шабандозы — мен», — дейді бала. 

Шабандоз 4-сыныпта оқиды. Анасының айтуынша, жарысқа байланысты сабақтан жиі қалады. Мектепте көтермелеу жоқ, өзіне тиесілі бағаны алады.

«Мектепте мұғалімдер «мақтанамыз, мақтан тұтамыз» деп айтады. Мектепте мені бәрі таниды. Бірақ сабақты 3-ке оқимын», — дейді бала. 

Хамза болашақта жоғары деңгейдегі, әлемдік аренада өнер көрсететін шабандоз болғысы келеді. Ол — екі қыздан кейін дүниеге келген. Ата-анасы ат ұстарын еркелетіп өсірген. 

«Хамза — екі қыздан кейін дүниеге келген ұл. Сондықтан ол өте ерке болып өсті. 4 жасында әкесі өз тәрбиесіне алып, атқораға апарып, атқа мінгізді. 5 жастан бастап бәйгеге шығып жүрді, 6 жасында алғашқы көлігін жеңіп алды. Жылқыға деген ынтасы жақсы, әкесі жанында, бапкері, өзі бәрін үйретеді», — дейді анасы. 

Ал Хамзаның айтуынша, шабандоз болу — өз ниеті. Ол бұл қалауын әкесіне айтқан, әкесі өз кезегінде бала сөзін жерге қалдырмаған. 

«Туғаннан атқа жақын болды. 9-10 айында атқа отырып, 1 жасында көкесі ағаш ат сыйлаған, сол кезде атқа отырмай, тұрып шабатын. Содан атқұмар екені белгілі болды», — дейді Динара ханым. 

Хамзаның аттан құлаған кезі көп болған. Алайда бала бұдан қорқып қалмаған. Динара ханымның айтуынша, шабандоздың аяғын шығарған, жанбасын да шытынатқан, басын да жарған кезі болған. Қазір денсаулығы жақсы. 

«Бәйгеден кейін ерні көгерген жоқ. Бұл шаңнан шығар. Денсаулығы жақсы. Бұл — бәйгеде жиі кездесетін жағдай. Тісі, беті шаң болып тұрады. Үйдегілер тұмауратып жатқанда, Хамза аттың жанында жүрген соң ауырмайды. Оның да пайдасы бар», — дейді анасы. 

Баланың анасы ұлының ауқымды бәйгесі мен еншілеген сыйлары туралы сөз қозғады. 

«Қазір 9 жасында 9 көлік, 1 пәтер, 70-80 миллион теңгедей иеленіп отыр. Биылғы ауқымды бәйгесі «Жолан жүйрігі» мен «Көшпенділер ойыны» болды. Кемел Тоқаевтың асында да бірінші болып келді. Тарихта қалатын бәйгелер ғой. Жүлдені ат иесімен бөлісеміз. Мұнда жылқы иесінің пайызы, бапкерінің пайызы, жылқыны баптайтын баланың пайызы мен шабандоз баланың пайызы бар. Сонда жүлде 4-ке бөлінеді. Жеңіп алған пәтер Астанадан берілді. Жеңіп алған көліктерді сатып жібердік. Жылқыны баптауда қандай да бір ерекшелік жоқ. Бәрі не береді, сол беріледі. Бұл — маңдай термен келген жеңіс. Атың бабыңда тұрса, міндетті түрде шабады ғой», — дейді Динара ханым.

Хамзаның сөзінше, әкесі әр жарыста түрлі әдіс айтады. 

«Асықпай отырып кел де, аяғына дейін ұста» дейді. Қашатын ат болса, қашасың, ұстайтын ат болса, ұстайсың. Күніне 3 реттен басқа жылқылармен дайындалдым. Жұмыртұяққа бәйге алдында ғана мінемін», — дейді ол. 

Хамзаның есінде қалған бәйгесі — Көшпенділер ойыны. 

«Екінші болып келгеніме өзіме ғана өкпелімін. Жұмыртұяққа ренжей алмаймын. Кінә өзімнен. Ат болмай келе жатса, тоқтату керек. Тың келе жатса, отыра қалу керек. Тізгінді ұстап сөйлесесің. Бәйге алдында әкем жылқыны дайындап сөйлеседі», — дейді бала. 

Баланың анасы алдағы жоспарларды бөлісті. 

«Бауыржан Мырзабаев секілді шапса деген арманымыз бар. Шетелде арнайы мектеп бар екен, соған жіберсек деген ойымыз бар», — дейді ол.

Хамзаның «Миллионер» деген жеке аты бар. Ол бәйгеге қосылып, көктемде 2 рет жеңіске жеткен. Ал келесі жарысы Алматыда болмақ. Сұхбат аяғында шабандоз барша қазақстандыққа алғыс білдірді.

Фото: instagram.com/hamza_marlanuly

Қатысты жаңалықтар

Ұлттық құрамда жаңа бапкер

Ұлттық құрамда жаңа бапкер

08.08.2026
Балуаннан балуан озар белдескенде

Балуаннан балуан озар белдескенде

08.08.2026
Жетісуда биыл 3300-ден астам жаңа пәтер беріледі

Жетісуда биыл 3300-ден астам жаңа пәтер беріледі

08.08.2026
«Болашақ ойындары 2026» басталды

«Болашақ ойындары 2026» басталды

08.08.2026
Чемпиондыққа бір қадам

Чемпиондыққа бір қадам

08.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.