Жетісу облысының орталығында «MISS TALDYQORGAN -2024» сұлулық байқауы өтті. Биылғы Талдықорғанның қала мәртебесін алғанына 80 жыл толған мерейлі мерекесімен тұспа-тұыс келген сұлулық сыны осымен 15- мәрте ұйымдастылып отыр.
Байқау басталар алдында сөз алған Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Жеңіс Андабеков жалпы жиналған қауымды «Қала күнімен» құттықтап, сынға түскен аруларға сәттілік тіледі.
Жауаптылардың сөзінше, «MISS TALDYQORGAN -2024» сайысына жалпы биыл 50-ден астам ару қатысуға өтініш берген.Алғашқы сында олардың арасынан үздік деп танылған 15 бойжеткенфиналға өтіп, ақтық сынға жолдама алған.
– «Сұлулар сайысында бас жүлдеден бәрі үмітті.Алайда, көптің алдына шығып, өзін жан-жақты дәлелдеу оңай шаруа емес. Дейтұрғанмен,Талдықорған аруы атағын алу, сұлулық тәжін тағу жолында қыздар аянып қалмады.Іріктеуденөткен қыздар 4 кезең бойынша бақ сынады. Алдымен өздерін таныстырды, жалғасты қыздардың келісті келбеті, сән сымбаты сыналды. Осыдан соң арулар жеке-жеке сахнаға шығып сән үлгісін көрсетті. Ақылына көркі сай аруларды таңдау қазылар алқасына да қиынға түсті», –дейді қазылар алқасы.
Сонымен тартымды да тартысты өткен сайыстың қорытындысы бойынша, биылғы «MISS TALDYQORGAN –2024» сұлулық байқауының бас жүлдесі басқа қарсыластарынан басым түскен Абдирзақ Көркемгебұйырып, 1 миллион теңге қаржылай сыйақымен марапатталды. Жеңімпаз алдағы уақытта республикалық «Мисс Қазақстан – 2024» байқауында Жетісу облысының атынан сынға түспек.
Айдын КӘЛІМХАН





