Талдықорған: +15°C
$ 448.98
€ 502.45
₽ 5.45
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

Күрестен 8 алтын: Жетісулық Бекжан чемпион!

9 қыркүйек 2024
АЛТЫН ТҰҒЫР
Күрестен 8 алтын: Жетісулық Бекжан чемпион!
WhatsAppTelegramFacebook

 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақ күресінен ел қоржынына 8 алтын медаль түсті. Жарыстың алғашқы күні-ақ ұлттық құрама балуандары шиыршық атты. Боз кілемге 8 салмақ бойынша балуандар сынға түсіп, барлығы айтулы додада жеңімпаз атанды.

Сонымен алғашқы болып әйелдер командасы белдесті. Бұрымдылар арасында  алтынды  48 келі салмақта ел намысын қорғаған Айжан Жылқыбаева жеңіп алды. Ол финалда қырғызстандық қарсыласы Л.Асакеевадан айласын асырды.
Ал ерлер арасында 55 келі салмақта жетісулық Бекжан Төлепов финалда тағы бір қырғызстандық балуанды қапы қалдырып, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының  чемпионы атанды. Осылайша Жетісу облысы үкілеп қосқан Бекжан намасты қолдан бермей Қазақ еліне алтын сыйлады.

Ізінше  ерлерден -55 кг: Б.Төлепов (Қазақстан)К.Оболбеков (Қырғызстан), -60 кг: Е.Бакшиев (Әзербайжан)М.Берекетов (Қазақстан) -66 кг: Д.Тұқышев (Қазақстан)М.Ширинов (Өзбекстан), -74 кг: Е.Хасанов (Әзербайжан)Ж.Қожамбеков (Қазақстан) белдесулерінде отандастарымыз басым түсіп ел мерейін асқақтатты.

Ал әйелдер қатарында -48 кг: Л.Асакеева (Қырғызстан)А.Жылқыбаева (Қазақстан), -52 кг: С.Муродова (Өзбекстан)Н.Азаматова (Қазақстан), — 56 кг: А.Фатихова (Ресей)Р.Нұрмахамметова (Қазақстан), -60 кг: Б.Құсақбаева (Қазақстан)С.Лнияни (Польша) финалдық жұптарында да көк туымыз көп көтерілді. 

Бір сөзбен айтқанда, байрақты бәсекеде үкілеген сегіз балуан да кеуделеріне жарқыратып алтыннан медаль тақты.

Осы ретте Көшпенділер ойынында төрешілік қызметті атқарып жатқан Жетісу облысы қазақ күресінен бас бапкері Ерлан Иманғалиев пікір білдірді:

— Көшпенділер ойынына күрес түрлерінен Жетісу облысының екі балуан қатысып жатыр. Ұлттық құраманың сапына енген 55 келідегі Бекжан Төлепов қазақ күресінен жеңімпаз атанды. Ертең 60 келі салмақта жетісулық Марат Нигматуллаев Өзбектің Кураш күресінен бақ сынаса, 12 қыркүиекте Түрік күресінен сынға түседі. Сенім артқан балуандар жеңіске жетеді деген үміт басым.

Ришад Тұрғанбай
Астана

Қатысты жаңалықтар

Елімізде отандық фермерлерге арналған жеңілдетілген лизинг бағдарламалары қайта іске қосылды

Елімізде отандық фермерлерге арналған жеңілдетілген лизинг бағдарламалары қайта іске қосылды

Бүгін, 11:03
Геосаясат және қаржы: Таяу Шығыстағы жағдай шикізат бағасын арзандатты

Геосаясат және қаржы: Таяу Шығыстағы жағдай шикізат бағасын арзандатты

Бүгін, 10:30
Өңірде газдандыру және аурухана құрылысы қарқын алды

Өңірде газдандыру және аурухана құрылысы қарқын алды

Бүгін, 10:27
Қазақстан Орталық Азияда туризмді дамыту жөніндегі әлемдік рейтингте көш бастады

Қазақстан Орталық Азияда туризмді дамыту жөніндегі әлемдік рейтингте көш бастады

Бүгін, 10:09
Отбасының цифрлық картасы қалай жұмыс істейді?

Отбасының цифрлық картасы қалай жұмыс істейді?

Бүгін, 10:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.