ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облыстық департаментінің қызметкері, облыстық Тексеру комиссиясының төрағасы және Әдеп жөніндегі уәкілдің қатысуымен мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексіндегі нормаларын сақтау және енгізілген өзгерістер бойынша семинар-конференция өтті.
Семинар-конференцияның негізгі тақырыбы – құмар ойындардан тартыну және мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы. Осы аспектілерді талқылай отырып семинарға қатысушылар азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін сақтауға ықпал ететін әдеп нормалары мен мінез-құлық стандарттарын сақтаудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Құмар ойындарға әуес болу өз кезегінде қоғамның тұтастығына үлкен қауіп төндіріп қана қоймай азаматтар мен мемлекеттік қызметке орны толмас зиян келтіретіндігі жайы қатысушыларға жеткізілді. Сонымен бірге, Әдеп кодексіне мемлекеттік қызметшілер арасында құмар ойындарға тәуелділік жағдайларын болдырмауға және анықтауға бағытталған маңызды өзгерістер енгізілді. Іс-шара барысында мемлекеттік қызметшілер арасында құмар ойындарға бейім болу жағдайларын тиімді анықтауға, алдын алуға бағытталған нақты шаралар талқыланды.
Тексеру комиссиясының Әдеп жөніндегі уәкілі қызметкерлер арасында хабардарлық деңгейін арттыру жөніндегі жұмысты жалғастыратынын атап өтті. Бұл мемлекеттік қызметтегі әдептілік негіздерін нығайтуға бағытталған бірден-бір шара болды.
Аяужан ӘДІЛБЕК,
ҚР мемлекеттік қызмет істері
агенттігінің Жетісу облысы бойынша
департаментінің мемлекеттік қызмет
саласындағы бақылау басқармасының
бас маманы





