Эйфель мұнарасындағы Олимпиада сақиналары сонда қала береді.
Паралимпиада ойындарынан кейін алынбайды. Париж мэрі осындай шешім қабылдаған. Қала басшысының идеясын Халықарадық олимпиада комитеті де қолдады.
Әлем жұртшылығы биылғы жазғы олимпиада ойындарының ұйымдастырылу жағына жоғары баға беріп отыр. Содан француздар Парижді қайта жақсы көре бастағандай дейді қала басшысы.
Эйфель мұнарасына шілдеде орнатылған дүбірлі доданың басты нышанын қалдыру шешімі де осыдан. Бірақ қазір орнатылған сақиналардың салмағы ауыр, 30 тоннадай. Сондықтан олар жеңіл сақиналармен алмастырылады. Бірақ мұны Париж тұрғындарының бірі құптағанмен, бірі құптамайды.





