Қаратал ауданы, Үштөбе қаласының 20 тұрғыны қоныс тойын тойлады. Баспана кезегінде тұрғандарға Көкдала шағынауданында салынған жаңа үйдің кілті табысталды.
Қуаныш иелерін аудан әкімі Ұлан Досымбеков арнайы құттықтап, пәтер кілтін өз қолымен берді. Баспаналы болу бақытына аудандағы жағдайы төмен, жалғызбасты, көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі, тұрғын үй кезегінде тұрған жандар қол жеткізді. Көптен бергі армандары орындалған тұрғындардың қуанышында шек жоқ.
Баспана бақытына бөленгендер арасында қала тұрғыны Мадина Ташенова да бар.
– Бүгін қуанышымыз қойнымызға сыймай, бала-шағамызбен мәре-сәре болып жатырмыз. Аудан әкіміне зор алғысымды білдіргім келеді. Бұл күн мен үшін нағыз мереке. Ұзақ жыл бойы кезекте тұрдым, бірақ ешқашан үмітімді үзбедім, – деген ол облыс, аудан басшылығына алғыс айтып, ақжарма тілегін ақтарды.
А. НАЗАРҰЛЫ
Қаратал ауданы





