Талдықорған: +10°C
$ 458.13
€ 502.29
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ЕЛІМІЗДЕГІ ЭЛЕКТРОМОБИЛЬ САНЫ ОН БІР МЫҢҒА ЖЕТТІ

23 тамыз 2024
КҮЛТӨБЕ
ЕЛІМІЗДЕГІ ЭЛЕКТРОМОБИЛЬ САНЫ ОН БІР МЫҢҒА ЖЕТТІ
WhatsAppTelegramFacebook

Дәлірек айтқанда, Қазақстан аумағында 10 970 электромобиль тіркелген. Агенттік тілшісіне берген жауабында ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі осындай дерек келтірді.


   

«Қазақстан аумағында 10 970 электромобиль тіркелген. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік және электрмобильдерге арналған инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес, электромобильдерге арналған орындарда тоқтау немесе тұру ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізілді. Сондықтан басқа көлік жүргізушілеріне көрсетілген орындарға қоймау ескертіледі. Одан бөлек, электромобиль жүргізушілеріне коммуналдық ақылы автотұрақтарда тегін тұру үшін жеңілдік көзделген (автотұрақтар, паркингтер)», — делінген ҚР Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Еске салсақ, Биыл маусым айында Сенат «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік және электрмобильдерге арналған инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын мақұлдады. Бұл заң елімізде электромобильдер санының артуына және арнайы инфрақұрылымды дамытуға ықпал етеді.

Атап айтқанда, әлемде жыл сайын электрокарға сұраныс артып жатыр. 2023 жылы электромобиль әлемдегі ең көп сатылған көлік болды. Қазақстанда да бұл көлікті таңдайтындар көбейіп келеді. Оған статистика дәлел, яғни былтыр электромобильдер саны 10 еседен астам артты. 2022 жылы елімізде небәрі 570 электромобиль болған. 

Сарапшылардың пікірінше, электромобильдердің күрт артуына қазақстандықтарға көліктің экологиялық таза түріне көшуі үшін мемлекет беретін квота себеп болды. Өйткені электромобильдің атмосфераға зияны жоқ. Сондықтан мемлекет оны сатып алғанда кеден және салық төлемдерінен босататын квота берді. Міне, осыдан кейін сатып алушылар көбейді.

Қатысты жаңалықтар

Ұлт болашағы – ананың қолында

Ұлт болашағы – ананың қолында

28 қараша 2026
Дамудың тұрақты кепілі

Дамудың тұрақты кепілі

28 қараша 2026
Заң мен тәртіп – қоғам тірегі

Заң мен тәртіп – қоғам тірегі

28 қараша 2026
Бұл күнге жету оңай болған жоқ

Бұл күнге жету оңай болған жоқ

28 қараша 2026
Аталы сөз иесі

Аталы сөз иесі

28 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.