Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев 1 қыркүйекте мұғалімдерге сыйлық беруге қатысты өз ұстанымын білдірді.
Оның сөзінше, мұғалімге гүл сыйлаудың еш әбестігі жоқ.
«Тәтті беру туралы ойлану керек, себебі әркімнің өз қалауы бар. Бірақ меніңше, оқушылардың шын жүректен гүл сыйлағаны ұстазға көңіл сыйлайды. Оқушылардың ұстаздарымызға шын жүректен, сүйіспеншілікпен гүл шоқтарын сыйлауы дәстүрге айналған. Менің ойымша, гүлден артық сыйлық жоқ. Мен ұстаз ретінде оқушының пәк көңілімен сыйлаған гүлдері ең әдемі нәрсе деп ойлаймын «, –деді министр мұғалімдер саммиті аясында.
Бұл ретте Бейсембаев гүл шоқтары құнына қандай да бір шектеулердің бар-жоғын нақтыламады.
Фото: kazgazeta.kz-ден алынды





