18 шілдеде Жетісу облысында жол апатынан екі адам қаза тапты. Алматы – Өскемен тасжолында Foton жүк көлігі мен Mazda 626 жолаушылар көлігі соқтығысты.
Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Malim.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол апаты салдарынан көліктің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды, жүк көлігі арнайы тұраққа қойылды. Полицейлер жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және жолда өте сақ болуға шақырады, — деп хабарлады ведомство.
Фото: gov.kz





