Талдықорған: +28°C
$ 465.01
€ 543.55
₽ 6.15
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

ҚАЛАУЫН ТАУЫП ҚЫРҒАУЫЛ ӨСІРГЕН

13.07.2024
ӘЛЕУМЕТ
ҚАЛАУЫН ТАУЫП ҚЫРҒАУЫЛ ӨСІРГЕН
WhatsAppTelegramFacebook

«Қалауын тапса қар жанар». Қар жанушы ма еді? Иә, қарды да, суды да, тауды да, нуды да отқа орауға болады. Тек қалауын табу керек. 


Талдықорған қаласында Батыл Тілеубекұлы есімді жігіт бар. Өзі күміскөмей әнші, иығы жер иіскемеген балуан емес. Қарапайым қазақтың қарадомалағы. Тек қалаған кәсібін дөңгелентіп отырған жан. Өзі қырғауыл өсіреді. Қой өсіргенді, жылқы баққанды, тауық баптап, бөденемен бизнесін өркендеткен жетісулықтар туралы бұрыннан естіп жүрсіз. Ал қырғауыл бағу санаға сыймай тұр ма? 

Түнеугүні Түркістандағы танысым қоңырау шалады. Құс өсірудің маманы өзі. Уәжін айтып, түркі өркениетінің астанасына қырғауыл жұмыртқасын салып жіберуімді өтінді. «Апам да аң-таң, мен де аң-таң». О заманда, бұ заман, қырғауыл жұмыртқасын қайдан таппақпын? Танысым Батыл Тілеубектікіне сілтеді. Қолым қалт еткенде сонда тартып отырдым. Осы мақалаға арқау болып отырған кейіпкерім кәдімгідей қырғауылды кәсіп етіп отыр екен. Ауласынан 100 шаршы метр аумақты темірмен құрсаулаған. Шымшықтан өзге құс кіріп-шыға алмайтындай. Құдды зообақ. Сол темір тордың ішінде 40-тан астам қырғауыл жүр. Өздері түрлі түсті. Бақсақ, Батыл қырғауылдың бір емес, бақандай 7 түрлі тұқымын өсіреді. Ішінде тауыс құсы да жүр.

 – Қызығушылықтан туындаған шаруа ғой. 8 жыл бұрын жарнамалық газеттен Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылында қырғауыл балапанын сататындар жайлы оқыдым да 6 балапан сатып алдым. Бастапқыда жөнін білмеймін, сол алтаудан үшеуін ғана аман алып қалдым. Әлеуметтік желі, жарнамалық сайттардың көмегімен арғысы Ақтөбе, бергісі Алматыдан қырғауыл тұқымын жинастырдым. Басты арманым – қырғауылдың өнімін көбейту емес, құстар саябағын ашу. Экзотикалық құстардың санын молайтып, Талдықорғанда ерекше кәсіп бастау, – дейді Батыл Тілеубекұлы.

Табиғатынан сақ, үркек келетін құстың күміс реңдісі, алтын түстісі, лимон, күлгін түстілері кейіпкеріміздің ауласында жүр. Құсшының айтуынша, қырғауылға тауық, қаз бен үйрекке қарағандай бап керек. Артық ештеңені талап етпейді. Қыста жылы жер іздемейді. Тек тауықтай жыл бойы жұмыртқа бермейді. Сәуір-мамыр аралығында жұмыртқалайды. Сол уақытта тұқымын көбейтіп алу керек. Қазірдің өзінде қырғауылдың жұмыртқасы  2 мың теңгеден әріге бағаланады. Сирек тұқымының жұмыртқасы тіптен қымбат. Балапандары 5 мың, есейген құстың бағасы 10 мың теңгеден жоғары. 

Батылдың ауласында тауыс пен қырғауылдан бөлек ергежейлі тауықтар, бөденелер, көгершіндер де баршылық. Өзі құрылыс материалын сатумен айналысатын жан құс атаулыға құштар екен. Айтуынша, қолындағы қанаттылары өз жемін өздері ақтап тұр. Жұмыртқасын, балапанын сату арқылы қалтасына қол салдырмайтын көрінеді. Қалауын тауып, қырғауыл өсірген кәсіпкерге біз де тілеулестік таныттық.

Дастанбек САДЫҚ

Қатысты жаңалықтар

«TURGYNDAR AMANATY»: Кешенді тәсіл – орнықты болашықтың кепілі

«TURGYNDAR AMANATY»: Кешенді тәсіл – орнықты болашықтың кепілі

06.05.2026
Көктемгі дала жұмыстары қарқын алды

Көктемгі дала жұмыстары қарқын алды

06.05.2026
Ардагерлер жарыс жолында

Ардагерлер жарыс жолында

06.05.2026
Мол өнім кепілі

Мол өнім кепілі

06.05.2026
Қазақстанда аграрларға жаңа талап қойылмақ

Қазақстанда аграрларға жаңа талап қойылмақ

06.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.