Талдықорғанда «Үздік аула» байқауы басталды.
2024 жылғы «10» шілдеде және 15 шілде аралығында Талдықорған қаласының әкімдігі, қала тұрғындарының белсенді өмірлік ұстанымын, азаматтық жауапкершілігін, қоғамдық өмірге қатысуға дайындығын қалыптастыру мақсатында «Таза Қазақстан» акциясы шеңберінде «Үздік аула» байқауы өткізілетін болады.
Қатысуға өтінім мына мекенжай бойынша қабылданады: Талдықорған қаласы, Абай көшесі, 241, №210 кабинет (фото, видео материалдар).
8 (7282) 24-31-33





