Талдықорған: +17°C
$ 481.83
€ 556.80
₽ 5.85
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

Бейбіт Исабаев ҚХР-ның Алматыдағы Бас консулымен кездесті

13.06.2024
САЯСАТ
Бейбіт Исабаев ҚХР-ның Алматыдағы Бас консулымен кездесті
WhatsAppTelegramFacebook

Бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың Қытай Халық Республикасының Алматыдағы Бас консулы Цзянь Вэй ханым бастаған қытай делегациясымен кездесуі барысында екіжақты ынтымақтастықты нығайту мен одан әрі кеңейту мәселелері талқыланды, — деп хабарлайды Жетісу облыс әкімінің баспасөз қызметі.

— Біздің екі елдің президенттері сауда-экономикалық, мәдени және гуманитарлық қатынастарымызды жаңа сапалық деңгейге көтерді. Соның арқасында соңғы жылдары Жетісу облысында елеулі ынтымақтастық нәтижелеріне қол жеткізілді. Өздеріңіз білетіндей, біздің өңірдің Қытаймен жалпы шекарасы шамамен 563 км. Өткен жылы облыс пен ҚХР арасындағы тауар айналымы 3,8 млрд. АҚШ доллары немесе 1,7 трлн. теңгеге жетті. Қытай біздің ірі экономикалық серіктесіміз, бұл ретте облыстың сыртқы тауар айналымындағы оның үлесі 89% құрайды. Іргелес өңірлермен де қарым-қатынастар белсенді дамып келеді. Мәселен, өткен жылы біздің облыс пен ШҰАА арасында бауырластық байланыстар орнату туралы келісімге, «Қорғас» ХШЫО қызметін үйлестіру тетігін құру жөніндегі меморандумға және сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды, — деді кездесуді ашқан облыс басшысы.

Бейбіт Исабаев облыстың көлік-логистикалық әлеуетіне ерекше назар аудара отырып, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, баламалы энергетика секілді ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарына да тоқталды.

— Қытаймен шекарада 5 кеден бекеті бар республикадағы жалғыз өңірміз. Мысалы, 2023 жылы тек «Алтынкөл» кеден бекетінің өзінен 343 мыңнан астам көлік құралы өтті. «Достық» станциясында, «Достық-Алашанькоу» шекаралық өткелімен тікелей жақын жерде өткізу қуаты жылына 3,9 млн. тонна немесе 300 мың контейнер болатын көпфункционалды жүк тасымалдау терминалдары жұмыс істейді. Қазір «Достық» станциясында «Алакөл» автомобиль өткізу пунктін кеңейту мен жаңа терминал салу жұмыстары жүргізілуде. Соның нәтижесінде жолақтар саны 2-ден 6-ға дейін, ал өткізу қабілеті тәулігіне 200-ден 1600-ге дейін артады. «Достық-Мойынты» теміржол желісінің екінші желісін салу ірі жобасы «Достық» станциясының өткізу қабілетін арттыруға мүмкіндік береді. Экономикалық өсімнің тағы бір нүктесі – «Қорғас — Шығыс қақпасы» АЭА, оның аумағында қуаты тәулігіне 1400 вагонды өңдеуге жағдай жасайтын Құрғақ порт жұмыс істейді. Осы ретте біздің ынтымақтастығымыздың маңызды инвестициялық жобасы ретінде «Қазақстан-Қытай халықаралық қаласы» туралы да айта кеткен жөн.  Шекара маңы ынтымақтастығының тағы бір маңызды бағыты — «Қорғас» ХШЫО. Осының бәрін қорытындылай келе, біз бірлескен жаңа инвестициялық жобаларды, әсіресе ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, туризм, «жасыл» энергетиканы дамыту саласындағы ынтымақтастыққа дайын екенімізді айтқым келеді, — деп атап өтті Б.Исабаев.

Өз кезегінде Бас консул облыс әкіміне жылы қабылдағаны үшін ризашылығын білдіріп, төртінші реткі бұл кездесу ынтымақтастықтың нығая түскенін айғақтайтынын тілге тиек етті. Сондай-ақ Цзянь Вэй ханым шекара маңындағы ынтымақтастықтың аясын одан әрі кеңейту мәселелері мен мүмкіндіктеріне егжей-тегжейлі тоқталды.

Кездесу соңында тараптар түрлі салалардағы бірлескен жобаларды іске асыруға, сондай-ақ әріптестік байланысты жан-жақты кеңейтуге дайын екендіктерін білдірді. Атап өтсек, бұдан соң Қытай Халық республикасының Алматыдағы Бас консулы Талдықорған қаласындағы Достық үйіне барды, ал ертең Алакөл ауданына сапарлап, «Достық» бекетіндегі өткізу пунктіне барады.

Қатысты жаңалықтар

Отан алдындағы борышын өтеген жастарға құрмет көрсетілді

Отан алдындағы борышын өтеген жастарға құрмет көрсетілді

27.03.2026
Жетісуда өткен жылы 16 мыңнан астам әйел жұмыспен қамтылды

Жетісуда өткен жылы 16 мыңнан астам әйел жұмыспен қамтылды

27.03.2026
Рыбакина Майамидегі турнирдің финалына шыға алмады

Рыбакина Майамидегі турнирдің финалына шыға алмады

27.03.2026
Қазақстан Францияда жемқорлыққа қарсы күрес тәжірибесін таныстырды

Қазақстан Францияда жемқорлыққа қарсы күрес тәжірибесін таныстырды

27.03.2026
Наурыз мейрамына тіл тигізген блогер ұсталды

Наурыз мейрамына тіл тигізген блогер ұсталды

27.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.