Талдықорған: -7°C
$ 482.32
€ 553.37
₽ 5.63
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

ФЕДЕРАЦИЯ ҚАРСЫ. ТӨЛ АТАУДАН ЖИРЕНГЕНІ ҚАЛАЙ?

30.05.2024
АЛТЫН ТҰҒЫР
ФЕДЕРАЦИЯ ҚАРСЫ. ТӨЛ АТАУДАН ЖИРЕНГЕНІ ҚАЛАЙ?
WhatsAppTelegramFacebook

Кешегі депутат ұсынысынан кейін Қазақстан тоғызқұмалақ федерациясы  мәлімдеме жасады. Еске сала кетейік, кеше Мәжіліс депутаты Гүлдара Нұрымова тоғызқұмалақ ойынының атауын бір ізге келтіру үшін тоғызат деп атауды ұсынып, Үкіметке сауал жолдаған болатын. 


Оның айтуынша, бүгінде бұл ойынның негізгі екі атауы орнығып отыр: қазақша — тоғызқұмалақ, қырғызша — тоғызкөргөл. Ішінара түрікше мангала/гечюрме аталады.

Қазақстан тарапы халықаралық жарыс өткізгенде ойынның аты «тоғызқұмалақ» аталады да, Қырғызстан жағы жарыс ұйымдастырғанда бұл ойын «тоғызкөргөл» болып шыға келеді. 

«Ғалымдар мен зерттеушілердің пікірінше, бұл ойынның жалпытүркілік атауы бар, ол — Тоғызат. Этнограф Г.Загряжскийдің еңбегінен ойынның атауы XIX ғасырда тоғызат  аталғаны мәлім болып отыр. Осы деректерді ескере отырып, алдағы V Дүниежүзілік көшпенділер ойынына дейін жалпытүркілік бұл зияткерлік спорттың атауын ортақ нұсқамен тоғызат атауын қалыптастыру шараларын қолға алуды ұсынамыз», — деді Мәжіліс депутаты.

Осыған орай тиісті федерация басшысы Әлихан Бәйменов үнсіз қалмады. 

«Ғасырлар бойы халық пайдаланып келген төл атаудан жирену, қасиетті ұғымдарға немқұрайлы қарау — ұлттық құндылықтар аясында қоғамды ұйыстыруға бастамайтын іс екені сөзсіз. Көзіқарақты кез келген адам „бұлар басқаны қойғанда Абайды танымай, Әуезовті оқымағандар ма?“ деп қайран қалған шығар. Бастамашылардың кімді оқитынын білмейміз, бірақ қағидалы ақиқатты түсінбейтіні анық. Тоғызқұмалақ — ұлттың мыңжылдық тарихы бар зияткерлік ойыны. ЮНЕСКО оны адамзаттың мәдени мұрасы деп 2020 жылы мойындаған. Тоғызқұмалақ ұлтымыздың әлемдік мәдениетке қосқан үлесінің жарқын үлгісі болып табылады. Сырттан келген бірер адам түрлі пиғылмен атауын бұрмаласа — ондай тәсілді біздің мәдениет пен тарихи жадымызға қарсы сыртқы күштер талай қолданғанын тарихтан да білеміз. Тарихи, ғылыми дереккөздерде, көркем және ауыз әдебиетінде, ұлттың жадында ойын тек тоғызқұмалақ деп аталады» деп келтіреді Әлихан Бәйменовтың сөзін федерацияның баспасөз қызметі. 

Оның айтуынша, ұлттық ойынның атауы — Парламентке де, Үкіметке де, тоғызқұмалақ федерациясына да тиесілі емес. Ол еш адамның не ұйымның меншігіне жатпайды.

Ойынның да, оның атауының да иесі — қазақ халқы.

«Біздің перзенттік парызымыз — тоғызқұмалақты дамытып, қанатын кеңге жаю. Қазір әлемнің 50 астам елінде тоғызқұмалақ көзбе-көз ойналса, интернет арқылы 100 мемлекет тұрғындары түрлі сайыстарға қатысуда. 6 әлем чемпионаты 25-30 ел өкілдерінің қатысуымен өтті. Жаһанға танымал зияткерлік ойындар сайттарында тоғызқұмалақ көшбасшы орында. Қазақстанда 210 мың адам түрлі деңгейде тұрақты шұғылданып жүр. Мұның бәрі — ардагерлер, жаттықтырушылар, ойыншылар, оларды демеп, қолдап жүрген федерация, тоғызқұмалақ қайраткерлері, кәсіпкерлер, Туризм және спорт министрлігі мен жергілікті әкімдіктер, мәслихат депутаттарының бірлесе атқарып жүрген ісінің жемісі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылы тоғызқұмалақты дамытуға назар аударуы ортақ іске соны серпін берді. Біз әрі қарай да ұлттық мұраны насихаттап, дәріптеп, кеңірек таралуына жұмыс жасаймыз. Перзенттік парызымызды атқаруға ешкім кедергі бола алмайды. Қазақ барда тоғызқұмалақ дами бермек. Ұлт алдында зор міндеттер тұр. Азамат ретінде ел дамуының өзекті мәселелері бойынша жоғары мінберлерден келелі ой айтылғанын қалаймыз. Пікір алуандығын сыйлай отырып, қасиетті құндылықтармен ойнауға болмайтынын мәлімдейміз», — дейді Қазақстан және Дүниежүзі тоғызқұмалақ федерацияларының президенті Әлихан Бәйменов. 

Қатысты жаңалықтар

«Жетісу» жеңіспен бастады

«Жетісу» жеңіспен бастады

19.03.2026
Өскеменде Жақсылық Омардың соты басталмақ: экс-шенеунікке қандай айып тағылды?

Өскеменде Жақсылық Омардың соты басталмақ: экс-шенеунікке қандай айып тағылды?

19.03.2026
Елімізде алғаш рет әкімшілік рақымшылық жарияланбақ

Елімізде алғаш рет әкімшілік рақымшылық жарияланбақ

19.03.2026
Курьер емес, алаяқ: «Миллиондық жеткізілім» схемасынан қалай сақтану керек?

Курьер емес, алаяқ: «Миллиондық жеткізілім» схемасынан қалай сақтану керек?

19.03.2026
Наурызда тағамнан уланудан қалай сақтану керек?

Наурызда тағамнан уланудан қалай сақтану керек?

19.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.