Талдықорған: +23°C
$ 467.48
€ 539.52
₽ 5.73
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ЕСКІРГЕН ТЕХНИКА ЕГІНГЕ КЕДЕРГІ ЕМЕС ПЕ?

28.05.2024
ЭКОНОМИКА
ЕСКІРГЕН ТЕХНИКА ЕГІНГЕ КЕДЕРГІ ЕМЕС ПЕ?
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісуда ауылшаруашылық техникаларының жалпы саны 22,3 мың бірлікті құрайды. Оның 10 жылға дейінгісі – 8321 бірлік, 10 жылдан жоғарғысы – 13215 бірлік. Яғни, тозу деңгейі 61,4 пайызға жеткен. Жыл сайын 4-5 пайызы ғана жаңарып тұрады. Бүгінде шаруалардың дені тозығы жеткен техниканы әупірімдеп жүр.


Былтыр техниканың 5 пайызы ғана жаңарған

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауылшаруашылығы техникаларын уақытылы жаңартып тұруды міндеттеген. Өз сөзінде Президент: «Көктемгі егіс науқанына және күзгі жиын-терінге жеңілдікпен берілетін несиені 1,5 трлн. теңгеге дейін арттыру керек. Ал инвестициялық жобаларға бөлінетін жеңілдетілген несиені 800 млрд. теңгеге жеткізу қажет. Жеңілдікпен лизинг беруге жыл сайын кемінде 450 млрд. теңге бөлінуі тиіс. Сонда әр жыл сайын ауылшаруашылығы техникасының 10 пайызы жаңарып отырады. Бұл шаралар ауылшаруашылығының жалпы өнімін  2 есе арттыруға жол ашады», – деген еді. Бірақ…
Иә, мол өнім алу үшін ауылшаруашылық техникаларының маңызы зор. Дегенмен былтыр Жетісу республикалық деңгейде жаңа облыс ретінде жаман нәтиже көрсеткен жоқ. Әйтеуір шаруалар саланың ым-жымын білдірмеді. Қараңыз, 519 мың гектар егіс алқабынан 1,9 млн. тонна өнім жиналған. Саралап айтсақ, 880 мың тонна дәнді дақыл қамбаға құйылды. Алдыңғы жылы соған жуық көрсеткіш болған, шамамен 847 мың тонна. Жалпы, жиналған дәнді дақылдар өнімінің көлемі бойынша Жетісу республикада төрттікке енді. Сөйтіп облыс әкімі Бейбіт Исабаев 2025 жылға таман дәнді дақылды 1 млн. тоннаға жеткізуге бел байлады. 

Бірақ, заман талабына сай жабдықталған тегеурінді техникасыз бұл нәтижеге жету мүмкін емес. Былтырғы жүгерішілердің жайы көпке мәлім. Мәжіліс алаңында көтерілген мәселе бәрібір шешімін толық таппады. Жапа шеккен кім? Тағы да қарапайым шаруалар.

–  Өткен жылы қант қызылшасының орташа шығымы 433 центнерден айналған. Бірақ Ақсу, Алакөл аудандарында аз өнімділік көрсеткен. Сонымен қатар МТС-тарды жаңарту мақсатында өткен жылы 11 млрд. теңгеге 650 бірлік техника сатып алынды, соған қарамастан Ескелді, Қаратал секілді бірқатар аудандардың техниканы жаңарту деңгейі облыстық көрсеткіштен төмен. Сондықтан сервистік-дайындау орталықтарын құру жұмысы биыл да жалғасады, – дейді облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Нұрдәулет Кененбаев.

Қант қызылшасы дегеннен шығады, былтыр тәтті түбір егістігі 2 есеге ұлғайтылып, 8,7 мың гектарға себілген. Биыл ауылшаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 7 мың гектарға ұлғайтылып, 524,8 мың гектарды құрап отыр. Соның ішінде қант қызылшасын 11,5 мың гектарға сеуіп, 500 мың тонна өнім жинау жоспарланған. Сол өнімдердің 35 пайызы облыста өңделеді. Бірақ, бұл межеге жете ала ма, жете алмай ма, әлі белгісіз. Қазір шаруалар үшін тамшылатып және жаңбырлатып суару әдісін пайдалану маңызды. Әйтсе де соған сай техника жоқтың қасы.

– Шаруа қожалықтары өздерінде тіркеліп тұрған техниканың жарамсызын есептен шығару керек. Биыл біз қызылша бағытында 8 сервистік дайындау орталығын құрып жатырмыз. Сепкіштерді аудандарға таратып бердік. Комбайндар күзгі жиын-терінге дейін әкелінеді. Жалпы саны   62 бірлік техника алу жоспарланып отыр, – деді Ә. Жақанбаев.

Жалдағаннан шаруалар жариды ма?

Облыстық ауылшаруашылығы басқармасының мәліметінше, былтыр тауар өндірушілер жалпы құны 10,7 млрд. теңгеге 536 бірлік жаңа техника сатып алған. Оның ішінде 3,6 млрд. теңгеге 204 бірлік «Қаз Агро Қаржы» АҚ арқылы, 1,9 млрд. теңгеге Аграрлық несие корпорациясының «Қаз- агробизнес» лизингтік бағдарламасы арқылы 133 бірлік, 0,2 млрд. теңгеге «BNK Irrigation» лизинг компаниясы арқылы 23 бірлік келген. Журналистік зерттеумен анықтамақ болғанымызда, аталған компаниялар жайлы мәліметті басқарма мамандары білмейтін болып шықты. Қалған 290 бірлік шаруалардың өз қаражаттарына алыныпты. Оның сомасы 5,2 млрд. теңгені құрайды.

Ең өкініштісі, Текелі қаласы мен Ескелді, Қаратал, Кербұлақ, Сарқан аудандарында ауылшаруашылығы техникасының  77 пайызы ескірген. Бұл аудандар аграрлы өңірдің локомотиві саналады. Ары қарай өзіңіз ойлай беріңіз. Осы тұста сөзімізге дәлел келтіре кетсек, мәселен былтыр ақсулық шаруа иелері Сарқан ауданының техникасына жүгінген.

Көлбай елді мекені кеңес өкіметі кезінде үлкен қызылша кеңшары болған. Жергілікті шаруалар бұрындары мың жарым гектар жерге дейін тәтті түбір еккен. Бүгінде олардың дені зейнетке шыққан, бірақ бізге ақыл-кеңесін беріп отырады. Былтыр біз қызылша егуді мықтап қолға алдық. Ең өкініштісі, техниканың жоқтығы қолбайлау болды. Биыл егіс көлемін арттырдық. Жігіттер жаңа техника сатып алып жатыр, – дейді Көлбай ауылдық округінің әкімі Ержан Шакеров.
Сөз шындықтан бұзылмайды. Былтыр көлбайлықтардың қолында ешқандай қызылшаға арналған құрал жоқ еді. Егінді жинау үшін көрші Сарқан ауданының техникасын күтуге мәжбүр болған. Ал олар егінін толық жинамай өзі санаулы техниканы біреуге бере алмайды. Сондықтан көлбайлық шаруалардың жауын-шашынға ұрынып, ауа райының ашылғанын күтуден басқа амалы қалмаған.

– Бүгінде ұсақ шаруа өкілдері Кеңес заманындағы техниканы амалсыз кәдеге жаратуда. Бұрын «Нива», «Енисей» секілді комбайндарды ары кетсе 2-3 маусымға ғана қолданатын, ал «К-700» тракторын 6-7 жылда жаңартып отыратын еді. Сол техникалар әлі егін басында жүр. Тіпті, тұқым себетін агрегаттардың сыны кеткен. Бір басы тұқымды 7-8 см сіңірсе, бір жағы 4-5 см тастайды. Содан өнім біркелкі болып өнбейді. Топырақ тереңге түскен тұқымды шірітіп жіберу мүмкін, – дейді агроном Асыл Айдаров.

Былтыр өңірде 650 бірлік жаңа техника тіркелген. Яғни, ауылшаруашылық техникаларының  4,9 пайызы ғана жаңарған. Бұл көрсеткішпен Жетісудағы ауылшаруашылық техникалары ешқашан түзеліп бітпесі анық.

Мұхтар КҮМІСБЕК
 

Қатысты жаңалықтар

Ішкі істер министрлігі «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

Ішкі істер министрлігі «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

06.08.2026
Жетісудағы вегетациялық кезеңнің барысы

Жетісудағы вегетациялық кезеңнің барысы

06.08.2026
Айманакумов Жетісу облысының дайындығымен танысты

Айманакумов Жетісу облысының дайындығымен танысты

06.08.2026
Comic Con Astana 2026 фестивалi басталды

Comic Con Astana 2026 фестивалi басталды

06.08.2026
Текелідегі өндіріс ұжымымен маңызды кездесу өтті

Текелідегі өндіріс ұжымымен маңызды кездесу өтті

06.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.