Талдықорған: -7°C
$ 482.32
€ 553.37
₽ 5.63
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

Мыңжылдықтар ойынынан сайыс өтті

27.05.2024
АЛТЫН ТҰҒЫР
Мыңжылдықтар ойынынан сайыс өтті
WhatsAppTelegramFacebook

V Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының қарсаңында Жетісу облыстық тоғызқұмалақ федерациясының қолдауымен «RESPUBLICA»  партиясының кубогы үшін тоғызқұмалақтан жасөспірімдер және ересектер арасында өңірлік турнир өтті.

Сайысқа аймақтың барлық қала, аудандарынан 100-ден аса жасөспірім мен ересектер қатысты. Сондай-ақ, аталған жас ерекшеліктерімен қатар, ұлдар және қыздар командалары да бөлек бақ сынасты. 

Төрт мың жылдық тарихы бар ұлттық ойынды насихаттап жүрген ел азаматтары ашылу салтанатында құттықтау сөз сөйлеп, турнирдің қадірлі қонағы болды. Атап айтсақ, облыс әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев, Дүниежүзілік тоғызқұмалақ спорт федерациясының вице президенті Әкім Тұрсын, «RESPUBLICA» партиясының Жетісу облыстық филиалының төрағасы, Тоғызқұмалақ федерациясының өңірдегі филиал президенті Ришат Асқарбекұлы,  Республика партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы Сұңғат Райымбек және т.б.

­– Біздің федерацияның мақсаты­ – ұлттық ойынды ойнап жүрген таланттарды ашу, ары қарай шыңдау. Осындай сайыс, дүбірлі додалар неғұрлым жиі ұйымдастырылса, соғұрлым біз таланттарды ішінен алып шығамыз. Республикалық деңгейде дәріптеп жатырмыз, ендігі кезекте Халықаралық деңгейге көтеру үшін жұмыстар жасалып жатыр. Президентіміз айтқандай, аз шығынды қажет ететін спорт түрлерін дамытуымыз қажет. Осы сөзден кейін мемлекет тарапынан бұл ойын түріне жалпы қолдау жақсы болып жатыр, – дейді Дүниежүзілік тоғызқұмалақ спорт федерациясының вице президенті Әкім Хазіретәліұлы.

Шараға көрермен ретінде қатысқан үлкен-кіші кім мықтыны анықтауда қатысушылармен бірдей қобалжып отырды. Зейнеткерлік жасына жеткен  Самат Дуйсекенов та турнирге бір кісідей ат салысып, бастан-аяқ жастарға қолдау білдірді.

– Негізі осы ұлттық ойынымызды сіз болып, біз болып дамытпасақ,  басқа ұлттарға аса бір қажеті жоқ, шыны керек. Абай атамыз осы туралы: «Тоғызқұмалаққа тосырқамай қараңыз, Ата-дәстүр, салтымыз деп санаңыз. Өзіңді-өзің қазақпын деп санама, Сол өнерді үйренбесе балаңыз» — деп керемет айтқан. Бұл ойын шахматтан да қиын. Бірақ, баланың дамуына, ойлау қабілетіне орасан зор пайдасы бар. Бүгінгі турнирге келетін болсақ, өте қызықты өтті. Жастарымызды, оның ішінде кішкентай балалардың талабын көріп, іштей қуанып, қызығып отырмын,– дейді ол.

Ойыншылар шеберлігін ғана емес, ұлтжандылығын, бесекелестік рухын және ең бастысы – дәстүрлі қазақ ойынына деген құштарлықтарын көрсетті. Болашақ чемпиондар айламен емес, ақылмен қарсыластың әр қимылын мұқият қадағалап, стратегияларды есептеп, өздеріне оңтайлы шешімдерді таңдады. Олардың көздерінде жеңіске деген құштарлық қана емес, сонымен қатар ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ежелгі ойынға деген терең құрмет те көрініс тапты.

–Қатысушылар осал емес. Әрқайсысы өз алдына мықты. Қарсыластың жасы кіші деп бізге босаңсуға болмайды, ұтыласың. Біз 10 күн дайындалдық. Алайда, мен үшін турнир тек жарысу ғана емес, жаңа таңыстықтар, жаңа достар табу ,– дейді ойыншы Ернұр Нұрлыбек.

Айшықты бәсеке жеңімпаздарды салтанатты түрде марапаттаумен аяқталды. Жас қатысушылардың көздерінен мақтаныш пен жаттықтырушыға деген алғысты байқауға болады. Олардың әрқайсысы жеңіске жетудің қиын жолынан өтіп, тек ойын шеберлігін ғана емес, сонымен қатар мінездің беріктігін, табандылығы мен кемелдікке ұмтылысын көрсетті.

Талдықорған қаласының түндігін желпіген додада ұлдар арасында 1-орынды Қалипа Серғазы, 2-орын Ұлағат Советбай, 3-орын Бағлан Серік, Абылайхан Тыныштықбай иеленді. Қыздар арасында 1-орын Әмина Нұрғазина, 2-орын  Алима Биқасым, 3-орын Ұлжан Ержанқызы, Анельге Жақсылықбай бұйырды. Ересектер, оның ішінде ұлдар арасында 1-орын Қабылан Өндіріс, 2-орын Сұңқар Советбаев, 3-орынды Жетпісбек Көксеген қанжығасына байлады, ал қыздар арасында 1-орын Айшабибі Нұрғазина, 2-орын Жанель Сарқыт, 3-орын Айжан Данабай қол созды.

– Мен бірінші орын алу үшін тәлімгерімнің айтқан, үйреткен барлық тәсілдерін қолдандым. Тренерім Бауыржан Шурин жеңіске жетпесең де ең бастысы әділ ойнау керектігін айтып отырады, – деп қуанышымен бөлісті бірінші орын иегері Айшабибі Нұрғазина. 

Шараның ұйымдастырылуына мұрындық болған Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясы және «RESPUBLIKA» партиясы бұл сайысты енді жыл сайын өткізіп, дәстүрге айналдыруды, жастардың қызығушылығын оятуды көздейді. Осылайша ұлттық ойынның аты кеңінен танылып, мәртебесі өсе бермек.

Мақпал Әділханқызы
ЖУ-дың 3-курс студенті
Суретті түсірген Дмитрий Ерофеев

 

Қатысты жаңалықтар

«Жетісу» жеңіспен бастады

«Жетісу» жеңіспен бастады

19.03.2026
Өскеменде Жақсылық Омардың соты басталмақ: экс-шенеунікке қандай айып тағылды?

Өскеменде Жақсылық Омардың соты басталмақ: экс-шенеунікке қандай айып тағылды?

19.03.2026
Елімізде алғаш рет әкімшілік рақымшылық жарияланбақ

Елімізде алғаш рет әкімшілік рақымшылық жарияланбақ

19.03.2026
Курьер емес, алаяқ: «Миллиондық жеткізілім» схемасынан қалай сақтану керек?

Курьер емес, алаяқ: «Миллиондық жеткізілім» схемасынан қалай сақтану керек?

19.03.2026
Наурызда тағамнан уланудан қалай сақтану керек?

Наурызда тағамнан уланудан қалай сақтану керек?

19.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.