Талдықорған: +15°C
$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

ҚҰМ ШАҢҒЫСЫНАН МАРАФОН

24 мамыр 2024
АЛТЫН ТҰҒЫР
ҚҰМ ШАҢҒЫСЫНАН МАРАФОН
WhatsAppTelegramFacebook

Құм үстінде шаңғы тебу спорты әлемде енді танылып, кең көлемде қолдауға ие болып келеді. Елімізге алғаш болып қазақ-француз әріптестігі арқылы танылып, ұйымдастырылып отыр. XCSS «Климат күте алмайды» жобасының негізін қалаушы және директоры Эстель Пейеннің ұйытқы болуымен Балқаш көлінің жағасында марафон өтті. Бұл спорттық жарыстың негізі – табиғатты аялау.   


Неге Балқаш көлі? Ұйымдастырушы Эстель Пейен дәл осы аймақты жергілікті тұрғындар, ғаламтор арқылы танып-біліп, оның табиғаты өзекті екенін түсінген. Былтыр қыркүйекте Талдықорған қаласында кездесу өткізген Эстель Пейен Балқаш көлінің экологиялық жағдайы, таяздануы, жағасындағы қоқыстардың жиналмауы, жергілікті кәсіпкерлердің көл ресурстарын орынсыз пайдалануы секілді мәселелерге мән берген. Дәл осы мақсатқа жұртшылықтың назарын аудару үшін арнайы марафон өткізіп, оның жарнамасын жан-жақты жариялаған. Сахарадағы Марокко елінің елеп-ескергеніндей, Балқаш көлінің проблемаларына халықтың назарын аударуды спорт арқылы паш етпек. Бұл еліміздегі мүдделі қоғамдық ұйымдар тарапынан белсенді қолдауға ие болды.

– Бұл іс-шара климаттың өзгеруінің жаһандық мәселелеріне, әлемнің барлық қуаң аймақтарындағы жағдайға үңілу арқылы климаттың өзгеруіне шешімдер мен тұрақтылықты табу үшін ұрпақаралық, мәдениетаралық, халықаралық ынтымақтастыққа бағытталған. XCSS «Климат күте алмайды» акциясының негізгі бағыты – халықаралық байланыстарды нығайту, тәжірибе алмасу, қоғамның назарын осы мәселеге аударту. Бұл іс-шара бастауын Сахара шөліндегі Марокко елінен алады. Осы спорттық іс-шарамен бүкіл ғаламшардағы ынтымақтастық пен экологиялық жауапкершілікті күшейтуді тілейміз! Сонымен қатар, су тасқынынан зардап шеккендер үшін қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастыруға мүмкіндік жасаймыз, – дейді жоба авторы Эстель Пейен.

Қолдаушылар құрамында мәнерлеп сырғанаудан Солт-Лейк Сити (2002) Олимпиадасының чемпионы, француз Гвандаль Пейзера және грэпплинг-реслинг бойынша әлем чемпионы Джихенне Абделлила, БҰҰ библиографиялық ресурстарының офицері Жозефин Пине бар. Олар да марафонға қатысып, дәл осы іс-шараны  жұртпен бірге қолдады. Құм үстінде шаңғы тебу қызық әрі қиын. Оған ерекше ерік-жігер, күш-қайрат қажет. Марафоннан сүрінбей келгендер арнайы сый-сияпатқа ие болды.  

– Қазақ халқының салт-дәстүрімен танысу, мәдениетін дәріптеу, көрнекті жерлерін әлемге таныту біз үшін қызықты  болмақ. Экологияны қорғайтын еріктілердің басын қосу, әріптестік байланыс орнату және проблемаларды шешу жолын бірге талқылау – басты мақсатымыз, – дейді ҚХА Франциядағы Достық елшісі Малгожата Туар.

Екі күндік іс-шара кезінде «Іскер әйелдер» қауымдастығы және басқа да қоғамдық бірлестіктердің атсалысуымен экология тақырыбына арналған көрме, шағын форум мен конференция өтті.

С. ҚАЛИАСҚАР

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Бүгін, 17:54
Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Бүгін, 17:22
Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Бүгін, 17:15
Қаратал жұмысы қарқынды

Қаратал жұмысы қарқынды

Бүгін, 16:45
«Әділет» партиясы су үнемдеу технологияларын қолдану көлемін арттырады

«Әділет» партиясы су үнемдеу технологияларын қолдану көлемін арттырады

Бүгін, 15:55

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.