Талдықорған: +21°C
$ 466.08
€ 538.56
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ТІЛГЕ ҚҰРМЕТТІ ТАИСИЯДАН ҮЙРЕНСЕК НЕТТІ…

01.05.2024
КҮЛТӨБЕ
ТІЛГЕ ҚҰРМЕТТІ ТАИСИЯДАН ҮЙРЕНСЕК НЕТТІ...
WhatsAppTelegramFacebook

Жуырда «Jetisu» телеарнасының мұрындық болуымен «Ділмәр» атты сөз өнерін қалыптастыратын теле-байқау өтті. Сол байқаудың республикалық кезеңінде Ескелді ауданының командасы 3-орын алған еді. 


Көпшілік білер-білмес, Таисия Домаева есімді талдырмаш қыз талайдың таңдайын қақтырды. Қазақ тілінде көркем сөйлеп, Алаш қайраткерлерінің тәмсіл сөздерін тәспірлегенде көпшілік сүйсінді. 

Сол қаршадай бойжеткен Ескелді ауданындағы Шестаков мектебінің  10-сынып оқушысы. Өзі Қарабұлақ ауылында 2008 жылы Валерий және Марина Домаевтардың шаңырағында дүниеге келген. Қызықты қараңыз, Таисияның әкесі – орыс, шешесі – украин. Бірақ баласы 2-сыныпқа көшкеннен кейін қазақ тілін үйрене бастапты. Қазақстанға һәм қазақ халқына деген құрметі болар. Содан бері ділмәр бұрымды қазақша талай кітапты тауысыпты. Кей қазағым білмейтін сөз өнеріне ден қойыпты.

 – Үйімізде қазақ тілінде сөйлесеміз. Тіл шұбарламауға тырысамыз. Анам үнемі қазақтың ұлттық тағамын даярлайды. Жиі шелпек пісіреді. Әсіресе  асылған етті жаным сүйеді. Тіл үйреніп, мемлекеттік тілде сөйлей бастағалы байқағаным, қазекемнің дәстүрінің ерекше екеніне көз жеткіздім. Дүниеге көзқарасым да түбегейлі өзгерді десем де болады. Өйткені, қазақ халқы – мейірімді, дарқан, қонақжай, айналаға құрметпен қарайтын, тарихы кенен ұлт қой. Сондықтан өзімді қазақпын деп есептеймін, – дейді Таисия Валерийқызы. 

Кейіпкеріміздің сөзінше, тіл білу әлемді тануға тың мүмкіндіктерді ашады. Өйткені, анасы үш тілде, украин, орыс және қазақ тілінде еркін сөйлейді екен. Айтуынша, мемлекеттік тілді меңгеру арқылы мінезінде, танымында, жалпы болмысында өзгеріс қалыптасыпты. Айналаға мейіріммен, сүйіспеншілікпен қарайтын болыпты. Айтқандай, қазақ халқының табиғаты осындай-мыс.

Мүмкіндік демекші, жуырда «Ділмәр» телебайқауының барлық кезеңінде оза шапты. Қазақ тілін білмегенде байқау түгіл «бас қайғы» болар еді дейді. Негізі Таисия білім алуға құштар. Әсіресе, ел тарихын оқығанды жаны сүйеді. Айтуынша, Қазақстанда туған жан оның әрбір құндылығына құрметпен қарауы тиіс. Әрбір ел азаматы отансүйгіш, туған жерді қастерлейтін патриот болуы керек.

 – «Ділмәр» байқауы арқылы жаңа орта, жаңа достар таптым. Себебі, сөз бәсекесіне М. Мәметова атындағы орта мектептің оқушысы Нұрбақыт Қожабекқызымен бірге, сол мектептің ұстаздарымен бірлесіп дайындалдым. Әрине, қазақ тілінде 100 пайыз сөйлеп кету үшін кітап оқу қажет. Тілі шұрайлы, ойы орамды жазушылардың шығармалары мені қанаттандырады, – дейді шешен қыз. 

Бүгінде Таисия Домаева өзін жетілдіруді, өзге тілдерді меңгеруді, сол арқылы жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізуді армандайды. Тілеуіңді берсін, талдырмаш бойжеткен! Айтпақшы, қазақ болып туып, сол ұлттың тілінде сөйлеуге тартынатындар Таисиядан үлгі алса нетті?!

Дастанбек САДЫҚ

Қатысты жаңалықтар

Ақындар алыбын ардақтады

Ақындар алыбын ардақтады

10.08.2026
Ұлт руханиятының темірқазығы

Ұлт руханиятының темірқазығы

10.08.2026
Батадан – береке, сөзден – өнеге

Батадан – береке, сөзден – өнеге

10.08.2026
«Ақыл, қайрат, жүрек» кітап бұрышы ашылды

«Ақыл, қайрат, жүрек» кітап бұрышы ашылды

10.08.2026
Болашақтың берік негізі

Саяси жаңғыру: Құрылтай сайлауы – жаңа басқару моделінің басты сынағы

10.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.