Талдықорған: +20°C
$ 461.26
€ 542.58
₽ 6.18
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

САРАПШЫЛАР ЖАЗДЫҢ СОҢЫНА ДЕЙІН ТАРТЫЛҒАН ЕТ ҚОСЫЛҒАН ӨНІМДЕРДІ ЖЕМЕУГЕ КЕҢЕС БЕРЕДІ

29.04.2024
ЭКОНОМИКА
САРАПШЫЛАР ЖАЗДЫҢ СОҢЫНА ДЕЙІН ТАРТЫЛҒАН ЕТ ҚОСЫЛҒАН ӨНІМДЕРДІ ЖЕМЕУГЕ КЕҢЕС БЕРЕДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Әлеуметтік желілерде су тасқыны кезінде қырылған мал етінен фарш пен шұжық жасалып жатыр деген ақпарат тарады.


Қазақстанда бір айдан бері су тасқыны жағдайы өршіп тұр. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, су тасқынынан 8 мыңнан астам мал қырылған. Шаруаларға өлген малдың өлексесін көрсеткен жағдайда ғана келтірілген шығынды өтеу уәде етілді. Алайда әлеуметтік желідегі қазақстандықтар белгілі бір себептермен өлген малдың еті базар сөрелерінен немесе ет өнімдерінде пайда болуы мүмкін деп санайды.

Қазақстан ет одағының төрағасы Мақсұт Бақтыбаев мұндай сценарий болуы мүмкін дейді. Ол «өлген мал етін» сату фактілері бұрын да болғанын, бірақ олар оқшауланғанын айтты.

«Жалпы бұл мүмкін. Заң бойынша бәрі керемет болуы мүмкін, алайда “заңдардың ауырлығы оларды орындаудың факультативтілігімен өтеледі». Сондықтан мұндай жағдайлар болмас үшін ветеринарлық бақылау комитеті мен барлық мал дәрігері бақылауды күшейтуі қажет. Ет өткізу орындарында (базарлар, супермаркеттер, фабрикалар) тексеру шараларын жасау керек. Мал сойылғаны туралы анықтамаларды, фотолар немесе бейнелерді енгізу қажет. Ал дөнер етіне келсек, олар да еттің қайдан келетінін түсініп, құжат сұрауы керек. Өлген малдың етінен пайда тапқысы келетіндермен қоғам болып күресу керек», – деді сарапшы.

Бұл тақырыпта Қазақстан органикалық өнім өндірушілер одағының директоры Арсен Керімбеков те сөз қозғады.

«Базарларға өлген мал еті жеткізілгені туралы ақпарат расталды. Жаздың ортасына дейін сатушылардан арзан фарш, тұздалған, ысталған ет, дайын шұжық алмауға кеңес беремін. Тамақтану орындарында барлық тартылған еттен аулақ болыңыз. Кез келген қоғамдық тамақтандыру орындарында да. Себебі биыл өлген мал етінің саны көбірек болмақ», – деп жазды сарапшы.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті өлген малдың етін сату туралы ақпараттың жалған екенін хабарлады. Ал шығу тегі күмәнді етті сату заңмен жазаланатынын ескертті.

«2024 жылдың басынан бері өлген малдың еті мен шығу тегі күмәнді ет әкелінбеген және базарларға сатылмаған. Базарларда ветеринариялық-санитариялық инспекторлар күн сайын құжаттық және физикалық бақылауды, сондай-ақ жануарлардан алынатын өнімдерге ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізеді. Барлық мал өнімдері тек қауіпсіздігі мен шығу тегін растайтын ветеринариялық құжаттармен бірге нарыққа шығарылады. Сонымен қатар базарларда күнделікті мамандандырылған зертханада білікті ветеринарлар және қажет құрал-жабдықтар мен реагенттер бар өнімдерге зертханалық сараптама жүргізіледі. Зертханалық зерттеулердің нәтижелері өнімнің қауіпсіздігін растайтын сараптама актісіне жазылады», – деп хабарлады ведомства.

Олар су тасқыны салдарынан өлген ауыл шаруашылығы жануарларының, үй жануарларының және құстардың өлекселерін кәдеге жарату (мал қорымдары мен арнайы бөлінген шұңқырларда өртеу) жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.

Мақсұт Бақтыбаев өлген малдың етін жеу денсаулыққа кері әсер ететінін айтты.

«Жануар өлді, оның денесінің ыдырау процесі басталады. Онда түрлі бактериялар дами бастайды. Сәйкесінше адам ағзасына түссе, денсаулыққа зиянын тигізуі мүмкін», – деді Қазақстан ет одағының төрағасы.

Бақтыбаев етті ұзақ уақыт термиялық өңдеуге және тартылған ет сатып алуды біраз уақытқа тоқтатуға кеңес береді. Сондай-ақ күмәнді жерлерде тартылған ет қосылған өнімдерді сатып алмауды ескертеді.

Өзіңізді қалай қорғауға болады?

Арсен Керімбековтің кеңестері:

  • Арзан еттен сақ болыңыз. Маман фарш пен ет өнімдерінің (шұжық, шұжықша, т.б.) арзандауы үрей туғызуы керек дейді. Мұндай өнімдерден бас тартқан дұрыс, әсіресе қарт адамдар, балалар және жүкті әйелдер;
  • Жануарлардың ішкі мүшелерін сатып алмаңыз;
  • Қоғамдық тамақтандыру орындарынан ең болмағанда жаздың ортасына дейін тамақ ішпеңіз. Оның үстіне бұл жол бойындағы мейрамханаларға да, сәнді мейрамханаларға да қатысты. Керімбеков базардағы дүкен кейде қымбат мекемелерге қарағанда сапалы шикізатпен қамтамасыз етіледі деп санайды. Көбіне дүңгіршектер өнімді өздері сатып алады, ал мейрамханалар шикізатты үнемдегісі келетін жеткізушілермен жабдықталған;
  • Супермаркеттерден ет сатып алыңыз. Сарапшы етті базарлардан емес, дүкендердегі мамандандырылған ет бөлімшелерінен сатып алуға кеңес берді. Бірақ базарды таңдасаңыз, еттің қайдан әкелінгенін және оған сертификат бар-жоғын міндетті түрде сұраңыз.

Фото: atr.kz

Қатысты жаңалықтар

«Қызыл жұлдыз» қалай берілді?

«Қызыл жұлдыз» қалай берілді?

09.05.2026
Бәйгеден облыс әкімінің кубогы сарапқа салынды

Бәйгеден облыс әкімінің кубогы сарапқа салынды

09.05.2026
Майданнан қалған жәдігер

Майданнан қалған жәдігер

09.05.2026
Майлышаттан майданға дейін

Майлышаттан майданға дейін

09.05.2026
Жетісуда Жеңіс күні ұлықталды

Жетісуда Жеңіс күні ұлықталды

09.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.