Талдықорған: +21°C
$ 466.08
€ 538.56
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

КӨҢІЛ ШАЛҚЫТҚАН КЕЗДЕСУ

22.04.2024
КҮЛТӨБЕ
КӨҢІЛ ШАЛҚЫТҚАН КЕЗДЕСУ
WhatsAppTelegramFacebook

Бұйрат құмдарының өзі бұралаң ғасырлар өтіндегі азып-тозған жұрттың мұң-зарын сіңіргендей желмен желпіне саз төгетін Сарыесіктің сиқырлы ноталарын жүрекке дамылсыз дарытты. Ақжал толқындары жаға кемірген, мәжнүн талдың жапырағын тербеген шақта Балқаш көлінің, Қаратал өзенінің шымыр иірімдеріне көз жіберіп, өзі де көлдей буырқанып, өзендей өрекпіп кетеді.


Содан да шығар, шабыт пырағын ерттеп мінген сәтінде: «Қайсарлық сіңген құм баласына, қайырым көрсе шашылып қалар» деп құм адамының жомарт көңілін желпінте суреттеп, «теңіздей толқып келем мен» деген  айбоздығын ақындық қасиетімен айшықты ете білді.

Бергіде Жетісу жұртының, арғыда Алашының алқауын көрген, көп арасында «айбоз ақын», «Әмен-сері» атанған Әміре Әріннің поэзиясы тұтас бір әлем. Шамырқанған көңілдің шумақ-шумақ жыры болып төгілген жазбаларының әр тармағында шындық жасырынған. Іркес-тіркес туындылары мөлдір теңеу, тосын баламаға толы. Міне, осындай жырды түлеткен ақынға алтыншы рет өрнек тапқан «Жыр-жауһар» поэзия сағаты арналды.

Орайы келгенде тосыннан тарту жасап тұрған жақсы. Ал сол тосынсыйды шығармашылық адамына жасасаң, жаның манатқа малынғандай бір жасап қаласың. Өйткені жаны жаздай ақынның алқаусыз күліп, риясыз шаттанғаны ақ жауынның себезгілегеніндей бір керім дүние емес пе?!

Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының және облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен жүзеге асқан жобаның қонағы Әміре Әрін тосын кештің төрінен орын алды. Ақынның ақжайық көңіліне шомған зиялы қауым өкілдері, туған топырағы Қаратал ауданы әкімінің орынбасары, ардагерлер кеңесінің төрағасы, туған-туыс, дос-жарандары келіп әдемі кештің көзайымы болды.

Тағдырдың бұралаң жолдарын көп көріп, жетімдіктің де кермегін татқан Әміре Әріннің қайтпас қайсарлығы мен азаматтық қасиетін, балалық шақтан бүгінге дейінгі ғұмыр сүрдегін бірге өскен досы Жұмахан тебірене әңгімеледі. Ойын баласы ретінде қызық пен думанға берілген жолдастарынан өзін оқшау ұстап, үнемі кітап оқып, көзін көкжиекке тастап отыратын балғын Әміренің болашағы сол кезден белгілі болғанын айшықтады. Бүгінгі биігіне өз еңбегімен, маңдай терінің мейлінше шүмектей төгілуімен жеткенін желпінте айтты. Өз кезегінде 40 жылдан бері достық жібін жалғап келе жатқан рухани бауыры, айнымас абзал досы Әли Алпысбаев та ақынның азаматтық болмысын, кескін-келбетін әсерлі естеліктермен көркемдеді.

Қазақ әдебиетіне өзіндік леппен, асқақ үнмен келген, қазақ журналистикасында еселі еңбек еткен халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Бүкіләлемдік Шыңғысхан академиясының академигі, айбоз ақын Әміре Әрінге арналған поэзия сағатында шайырдың шырайлы шығармалары орындалды. Әсем әні әуелеп, жалынды жырлары оқылды. Осынау көрікті кеште қаламгердің әпкесі Шәкім апамыз, Рақымғали ағаларымыз бастап, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қуаныш Сүлейменов, көрнекті ақын Нүсіпбай Әбдірахым, облыстық «Jetisý» газетінің бас редакторы Жұматай Оспанұлы, жазушы-журналист Ришат Тұрғанбаев, Қаратал ауданының атқамінер азаматтары сөз сөйлеп, қаламгердің қасиетін жыр етті. Шырайлы шығармалары әр қазақтың жүрек төрінен орын алуын тіледі. Кестелі жырларын мәнерледі.

Тағылымды шара барысында тыңдарманын асқақ жырларымен сусындатқан Әміре Әрін «Айқабақ» кітабынан көпшілікке сыбаға ұсынды. Өз кезегінде жетісулық ақындар арнау жырларын оқыса, колледж студенттері мен қала мектептерінің оқушылары шайыр шығармашылығынан жыр мәнерледі. Осылайша айбоз ақынға арналған ғажайып кеш әсем әнмен тамамдалды.

АРДА БИ
 

Қатысты жаңалықтар

Ақындар алыбын ардақтады

Ақындар алыбын ардақтады

10.08.2026
Ұлт руханиятының темірқазығы

Ұлт руханиятының темірқазығы

10.08.2026
Батадан – береке, сөзден – өнеге

Батадан – береке, сөзден – өнеге

10.08.2026
«Ақыл, қайрат, жүрек» кітап бұрышы ашылды

«Ақыл, қайрат, жүрек» кітап бұрышы ашылды

10.08.2026
Болашақтың берік негізі

Саяси жаңғыру: Құрылтай сайлауы – жаңа басқару моделінің басты сынағы

10.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.