Талдықорған: +21°C
$ 461.26
€ 542.58
₽ 6.18
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ҚЫРДАҒЫ ҚЫЗУ ТІРЛІК

20.04.2024
ЭКОНОМИКА
ҚЫРДАҒЫ ҚЫЗУ ТІРЛІК
WhatsAppTelegramFacebook

Дала төсін емген ескелділік диқандар қазір қауырт тіршілік үстінде. Олардың тынымсыз қарекеті «Көктемнің бір күні жылға азық» тәмсілімен астасып жатыр. Бірақ, олар жоспарсыз емес. Былтыр өңірдің жүгері еккен диқандары біршама опық жеген еді. Жиған өнімін қайда жөнелтерін білмей сан соқты. Өткен қателік бүгінге сабақ деген. Биыл мұндағы ағайын жүгері егуді азайтқан. 


Аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімі мамандарының айтуынша, биыл диқандар 53 мыңнан аса гектар аумақтан нәпақа жинауды көздеп отыр. Оның 30 мың гектарға жуығы тәлімдік егін. Қалғаны суармалы алқап. Былтыр аудан диқандары 4605 гектарға «дала аруын» сепкен еді. Биыл оны 50 пайызға жуықтатып, 2683 гектарға жүгері дақылын отырғызбақ. Сонымен қатар, 7700 гектарға күздік бидай себілсе, 4170 гектардан жаздық бидайдың өнімін жинамақ.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сай Жетісу өңірінде қант қызылшасын егу көлемі ұлғайып келеді. Осы жылы аудан диқандары 1900 гектарға тәтті түбір екпек. Аудандағы сала мамандарының сөзіне сенсек, қазір қант қызылшасын егу 13 пайызға, дәнді масақты дақылдарды егу 50 пайызға орындалған. 

Жалпы жұмыстың өнімді болуы техниканың жеткілікті һәм жаңалығына тікелей байланысты. Ауданда көктемгі дала жұмыстарына шыққан техниканың жеткіліксіздігі байқалмайды. Қазір шаруалардың қажетіне 1100 дана доңғалақты, 45 шынжыр табан трактор жарап тұр. Одан өзге, ауданда 215 тұқым сепкіш, 32 қант қызылшасының тұқымын себетін, 336 соқа, 1814 тырма, 122 бүркеуіш техника бар. Жалпы, ескелділік шаруалар өнім жинайтын шақта да машинадан тапшылық көрмеді. Қазір ауданда астық оратын 142, тәтті түбір жинайтын 15, картоп жинайтын 3 комбайн бар. Биыл ескелділіктер машина-трактор паркін жаңартуды да естен шығармады. Аудан шаруалары 17 дана шаруашылық техникасын сатып алды. 

Өнім мол болуы үшін тыңайтқыштың рөлі зор. Аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімі мамандары 2024 жылы 5147,8 тонна минералды тыңайтқыш сатып алу межеленгенін жеткізді. Қазірге дейін 2300 тонна аммофос, 3500 тонна аммиактық селитра және 200 тонна аммоний  сульфаты сатып алыныпты. Көктемгі дала жұмыстарында жанар-жағармайдан тапшылық байқалмайды.

Ескелді ауданында қызу тірліктің бірі – «Нам.Г.Н» шаруа қожалығында. Бүгінде шаруашылықтың тракторлары даланы дүбірге бөлеуде. Әсіресе, қызған дала майданы ауданға қарасты Шымыр ауылының маңында. Заманауи тұқым сепкіш жыртылған жерге қызылша себуде.

– Жоспарлағанымыздай, биыл 300 гектарға қант қызылшасы егіледі. Жұмыс қарқынды. Дала жұмыстарына 21 техника жұмылдырылған. Техникадан тапшылық жоқ. Жалпы, осы жылы 200 гектарға жүгері, 100 гектарға соя, 100 гектарға картоп отырғызамыз, – дейді шаруашылық басшысы Герман Нам.

Егіннің бітік болмағы суармалы егістік үшін суға тікелей байланысты. Ескелді аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Қанат Сатығұловтың айтуынша, аудандағы егістікті сумен қамтамасыз ететін каналдар сақадай сай. Бастысы, қазір далада қызу тірлік етіп жатқан диқандардың еңбегі өнімді болғай!

Дастанбек САДЫҚ
 

Қатысты жаңалықтар

«Қызыл жұлдыз» қалай берілді?

«Қызыл жұлдыз» қалай берілді?

09.05.2026
Бәйгеден облыс әкімінің кубогы сарапқа салынды

Бәйгеден облыс әкімінің кубогы сарапқа салынды

09.05.2026
Майданнан қалған жәдігер

Майданнан қалған жәдігер

09.05.2026
Майлышаттан майданға дейін

Майлышаттан майданға дейін

09.05.2026
Жетісуда Жеңіс күні ұлықталды

Жетісуда Жеңіс күні ұлықталды

09.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.